Қаламызда Рәміздер күніне арналған концерт өтті
ҚР Мемлекеттік рәміздері күніне орай Өскемен қаласы әкімдігінің ұйымдастыруымен қала қонақтары мен тұрғындары үшін мерекелік концерт өтті
Мерекелік кеште қаламызға танымал өнер иелері мен жас таланттар өнер көрсетті: Әсем Рысбаева, "Гремми" триосы, "Дольче" триосы, Немістердің Радионы, "Live band" тобы, "Жаңа Тон" тобы өнер көрсетті. Сондай-ақ, мерекелік кештің басты қонағы - Мирас Жүгінісовте жастардың сүйіспеншілігіне бөленіп, бүгінгі кештің көркін кіргізді.
Мерекелік концерт көріп, көңілдері сергіген қала тұрғындарының қуанышы түрлерінен көрініп тұр.
Қаламызда көптен бері бұндай концерт болмаған еді. Сағынып қалыппыз. Осындай концерт жиі өтіп тұрса деген тілегіміз бар. Тұрғындарды Мемлекеттік рәміздер күнімен құттықтаймын! - дейді қала тұрғыны Анар Бекбосынова.