Өскемен
пасмурно
+11°
  • Өскемен
    +11°
  • Алматы
    +12°
  • Астана
    +8°
  • Ақтөбе
    +15°
  • Актау
    +19°
  • Орал
    +17°
  • Қарағанды
    +8°
  • Көкшетау
    +10°
  • Қостанай
    +12°
  • Қызылорда
    +17°
  • Павлодар
    +9°
  • Петропавловск
    +8°
  • Тараз
    +11°
  • Туркестан
    +14°
  • Шымкент
    +14°
$
448.89
+0.08
477.93
+1.11
¥
62.02
+0.02
4.76
-0.01
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Гример А. Серікқызы: «Актерлердің қошеметке бөленгені - біздің еңбегіміздің бағаланғаны»

Өнер саласындағы келбетті өзгерту шеберлерді гримёр деп атайды. Олар бояулар көмегімен және арнайы құралдарды пайдалана отырып, актерлердің сыртқы келбетін танымастай етіп өзгерте алады

Усть-Каменогорск и ВКО / Гример А. Серікқызы: "Актерлердің қошеметке бөленгені - біздің еңбегіміздің бағаланғаны"

Гримёр театрларда, киностудияларда, телевизияда, модельдік бизнесте қызмет етеді. Яғни, қажетті образға сай адам келбетін өзгерте алатын қабілетке ие болуы керек. Өнердің қай саласында қызмет етсе де, көрермендер тарапынан гримерлердің еңбегі көп елеп-ескеріле бермейді. Себебі кез келген көрермен образды сахналаған актер мен оның шеберлігін ғана бағалайды. Ал сол образды халық жүрегіне жететіндей етіп бояп шығаратын гримерлердің жұмысы сахна сыртында қалады.

Шығыс Қазақстан облыстық драма театрында қазір спектакльдер маусымы жүріп жатыр. Аптасына бірнеше рет театр сахнасында қойылымдар қойылады. Бұл күндері актер, режисерлерден бөлек, гримёрлер де талмай еңбек етуде.

Мәдениет фото Айғаным Серікқызының жеке мұрағатынан (1).jpeg

Облыстық театр саханасында өнер көрсететін актерлерді Айғаным Серікқызы бояп, олардың сомдайтын образдарына ерекше келбет береді. Сіздердің назарларыңызға Айғаным ханыммен жүргізген сұхбатымызды ұсынамыз.

Не себепті осы мамандықты таңдадыңыз?

- Негізі мен Семей қаласындағы музыкалық өнер колледжінде оқығанмын. Ал осы облыстық драма театрға о баста актирса болып келдім.

2 жылдай сахнада өнер көрсеттім. Бірақ өзім мейк-ап жасауды оқығандықтан, гримёрдің жұмысына қызыға бастадым. Театр әкімшілігі маған өзімді осы салада сынап көруге мүмкіндік берді. Аз уақыттың ішінде-ақ, гримёр жұмысы менің жаныма жақынырақ екенін түсіндім. Актёрлердің келбетіне грим салып жүргеніме 1 жылдай болды. Білгенім бір тоғыз, білмегенім тоқсан тоғыз екен. Сондықтан осы саланың кәсіби маманы болу үшін білімім мен біліктілігімді арттырғым келеді.


Грим жасаудың қандай ерекшеліктері бар?

- Гримдеудің бірнеше түрі болады. Мысалы, портреттік грим шынайы сюжеттерде қолданылады, ол кейіпкердің мінез-құлқын көрсетуге немесе оны түбегейлі өзгертуге көмектеседі. Пластикалық грим болса, адамды танымастай өзгертуге мүмкіндік береді. Мұнда силикон, латекс немесе полиуретанды көбік қолданылады. Дәл осындай макияждың көмегімен ертегі, қиял-ғажайыпқа толы персонаждар және басқа да есте қаларлық кейіпкерлер жасалады.


Гримёр мен мейк-ап маманының айырмашылығы қандай?

- Грим жасау мейк-апқа қарағанда қиындау. Өйткені мен мейк-ап жасауды үйрендім, косметикамен бетті бояу және кәсіби краскамен бетті бояудың айырмашылықтары жер мен көктей. Мейк-аппен адамның сұлулғын ерекшелейсің ғой, ал грим жасағанда адамның ішкі сезімдерін сыртына шығарасың, кейіпкердің жасына, әлеуметтік статусына қарай рең бересің.

Кез келген мейкапер гримёр бола алады. Бірақ міндетті түрде гримёрлікті үйрететін курстарда білімін толықтыруы керек.

imgonline-com-ua-Resize-VdNzFGQDzHK19N.jpg

Гримёрдің жұмысында қандай қиыншылықтар бар?

- Егер айналысып жатқан ісің өзіңе ұнаса, ешқандай қиындық жоқ. Керісінше, үйренетін нәрселерің көп болады. Мысалы, актерлердің сақал-мұрттарын біз өзіміз тоқимыз. Ол өте нәзік, тиянақтылықты және көп уақытты талап ететін жұмыстардың бірі. Яғни, сақал-мұрттың көлеміне қарай біз оны бірнеше күн отырып тоқуымыз мүмкін. Бір тоқылған сақал барлық актерлерге жараса бермейді. Біріншіден, ол образына келмеуі мүмкін; екіншіден, әр адамның бет формасы әр түрлі. Сондықтан әр кейіпкер мен әр образдың сақалы жаңадан тоқылады. Сондай-ақ, ертегі кейіпкерлерін гримдеу де біраз еңбекті талап етеді.

Жаңа образдарды гримдеу де біраз қиындықтар туғызады. Себебі бірнеше рет бояған кейіпкерлерге қол да, көз де машықтанып, жаттығып қаласың. Ал жаңа образда барлығын жаңадан құрастыру керек.


Гримёр актерлердің образын қалай дайындайды?

- Біз сценарий оқымаймыз. Бірақ дайындықтарына қатысамыз. Сол кезде әр кейіпкердің келбетін қалай әрлеу керектігін, шаш үлгісін қалай жасайтынымызды елестетіп, дәптерге түртіп алып отырамыз. Шамалап жасаған образымызды режиссёрмен, костюмермен ақылдасамыз. Костюмер бізге кейіпкердің келбеті қандай болуы керектігін қағазға шығарып береді. Соған қарап біз кейіпкерді өгертеміз.

Негізі театрдың заңдылығы бойынша актерге сахнаға гримсіз шығуға болмайды. Өйткені сахнада жан-жақтан түскен жарық адамның түрін жеп қояды. Сол себепті де біз актерлерді қатты бояндырамыз.

Спектакльге 3 күн қалғанда актерлер костюмдерін киіп, грим жасап дайындалады. Осы кезде біз де дайындықтарға қатысып, артық-кем жерлерін қарап, жетілдіреміз. Сонымен қатар, бізде образды тапсыру деген болады. Грим жасап, костюмдерін кигізіп қойылымды толықтай театрдың режиссерлеріне тапсырамыз. Олар да сыни көзбен қарап, өзгерту мен толықтыруларды ұсынады.


Гримёр болу үшін адамның бойында қандай да бір талант, дарын болуы керек пе?

Былай қарасақ, гримёр адамның бетіне сурет салады. Сондықтан сурет сала білу қабілеті маңызды және сурет салудан бөлек, бояулармен ойнай білу керек. Түстерді бір-біріне қосу арқылы образды қанық қыла білу маңызды. Сондай-ақ, қолдың ептілігі, қолөнер шеберлігі де маңызды. Оны, мәселен, жаңағыдай сақал-мұртты тоқу кезінде қолданасыз. Сұлулықты көре білуі қажет. Өйткені әр образды көз алдыңа елестетіп, кейіпкердің әр әжімі, әр ақ шашының өзін табиғи етіп бейнелеу үшін бірінші өзің сол табиғи сұлулықты түсінуің
керек.


Жасаған образдарыңыздың қайсысы сіздің есіңізде ерекше сақталды?

- Ертегі кейіпкерлерінің образы шығар. Мысалы, "Жеті лақ" деген қойылымды дайындағанда лақтар мен қасқырды бейнелеу мен үшін ерекше қызық болды. Себебі үлкен ересек адамдарды тәтті лақтарға айналдырудың өзі біраз эмоциялар сыйлайды.

imgonline-com-ua-Resize-d6NMbX7VeS9vkzj.jpg

Көбінесе еңбектеріңіз еленбей, сахна сыртында қалып кететіні қынжылтпай ма?

- Иә, гримёрдің еңбегін тек өз ішімізде, театр саласының мамандары ғана және біраз көрермендер ғана байқап, бағалап жатады. Көрермендерден лайықты баға алмайтын тек гримёрлар ғана емес, костюмерлер, жарық қоюшылар, суретшілер және тағы басқа да мамандар бар. Бірақ қалай алып қарамасақ та, спектакльде негізді фигура ол - актер. Актерлер образды көрерменге дұрыс жеткізу үшін 1-2 ай көлемінде дайындалады. Әр образ ол актердің баласындай өзіне ыстық болады. Сондықтан актерлердің алдыңғы шепте тұрып, қошеметке бөленгенін біздің еңбегіміздің бағаланғаны деп түсінгеніміз жөн.


Алдағы жоспарыңыз?

Алдағы уақытта біліктілігімді арттырсам деймін. Театр басшылығы жазда немесе күзде Алматы қаласына барып, жаңа білім алып жетілуіме мүмкіндік жасап отыр.

Следующая →
Тақырыптар: ШҚО Драма театр Гример