Өскемен
пасмурно
-10°
  • Өскемен
    -10°
  • Алматы
    -2°
  • Астана
    -6°
  • Ақтөбе
    -2°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +3°
  • Қарағанды
    -8°
  • Көкшетау
    -6°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -9°
  • Петропавловск
    -8°
  • Тараз
    +1°
  • Туркестан
    +2°
  • Шымкент
    +5°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

ШҚО-да жылыту маусымына дайындық қалай?

Облыстағы қалалар мен аудандар жылыту маусымына дайындықтарын бастады

Усть-Каменогорск и ВКО / ШҚО-да жылыту маусымына дайындық қалай?
Фото:
редакция мұрағатынан

ШҚО әкімі Даниал Ахметов қала және аудан әкімдерімен жылыту маусымына дайындықты тексеру мақсатында кездесу өткізді.

Бірінші кезекте, өткен жылдағыдай көмір жеткізудегі олқылықтардың алдын алу үшін мен Энергетика және ТҮКШ басқармасына "ҚТЖ" ҰК" АҚ және "Қаражыра" АҚ-мен бірлесіп, әр ай бойынша нақты деректер мен тиеу кестесін әзірлеуді тапсырдым. Биыл бізге 4 271 мың тонна көлемінде қор қажет, бұл өткен жылмен салыстырғанда 400 мың тоннаға артық. 10 ЖЭО, 4 ГЭС, 520 қазандық, барлық әлеуметтік объектілер мен тұрғын үйлер дайын болуы тиіс, - деді Даниал Ахметов.

Өткен жылы Семейдегі жылу желілері 160 рет жарылып, істен шықты. Негізгі себеп - сорғы топтарының желінің ұзындығына сәйкес келмеуі. Жылу желілеріндегі нормативтен тыс ысыраптар мен апаттылықты төмендету үшін алдағы жұмыстардың жоспары жасалды.

Жалпы Семей қаласын жылумен қамту үшін 18 жылу көзі және ЖЭО-1 жұмыс істеп тұр. 72 орталық жылу пункті, 68 қазандық агрегат бар. Жылу желілерінің ұзындығы 313,998 км құрайды.

18 сәуірде алдағы жылыту маусымына дайындық жұмыстары басталды. Жылу желілеріне гидравликалық сынақтар жүргізілді. Алдағы уақытта "Орталық" және "Ғаббасов" қазандықтарын реконструкциялау, 14 жылумен жабдықтау объектілерін ағымдағы жөндеу, "Орталық" қазандығы мен "103-103А" қазандығы арасындағы қосқышты орнату және жылу желілері мен жабдықтарды жөндеу жоспарланған, - деді Семей қаласының әкімі Бақытжан Байахметов. - Алдағы жылыту маусымына 384906,69 тонна отын, 1300 тонна мазут қажет.

Былтыр Семей қаласындағы қазандықтар жөнделген еді. Нәтижесінде қазандықтардың қуаты 67,1 Гкал-ға артты.

Айта кету керек, жуықта Риддерлік ЖЭО-ға жөндеу жұмыстары қажет екенін жазған едік. Жақын күндері оған бейінді министрліктен комиссия келіп, барлық жұмыстарды, ақауларды тексереді. ЖЭО-ның басшылығы жөндеуге бес миллиард теңге қажет екенін хабарлапты, бірақ мұндай шығындардың құжаттық негіздемесін ұсынбаған екен.


Следующая →