Өскемен
малооблачно
-13°
  • Өскемен
    -13°
  • Алматы
    +2°
  • Астана
    -6°
  • Ақтөбе
    -2°
  • Актау
    +8°
  • Орал
    +1°
  • Қарағанды
    -3°
  • Көкшетау
    -9°
  • Қостанай
    -7°
  • Қызылорда
    +2°
  • Павлодар
    -11°
  • Петропавловск
    -9°
  • Тараз
    -3°
  • Туркестан
    +1°
  • Шымкент
    +3°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскеменде "Мама Про" қорының бөлімі ашылды

Өскеменде мүмкіндігі шектеулі бала тәрбиелеп отырған аналарға қолдау көрсететін "Мама Про" орталығы ашылды. Орталық жас аналарды кәсіпке баулуға бағытталған

Усть-Каменогорск и ВКО / Өскеменде "Мама Про" қорының бөлімі ашылды
Фото:
"Мама Про" қорының ресми сайтынан

Қазіргі таңда "Мама Про" қоры Нұр-Сұлтан, Алматы қалаларында бар және қаламызда үшінші тренингтік орталығы ашылды. Сондай-ақ, осы қордың арқасында өз кәсіптерін ашқан аналардың саны күн сайын артып келеді екен. Өскемендік аналар да өз бизнес жобасын серіктестер назарына ұсынды.

Аналар алғашында мұнда желілік маркетинг, компьютерлік сауаттылық, бухгалтерлік есеп және кәсіп жүргізу негіздері бойынша сабақ алады. Осындай игі істердің бастауы болған "Мама Проның" филиалын Өскеменнен де ашу туралы байламға Еркежан Ағажаева кездейсоқ келмеген. Еркежан Ағажаева - үш баланың анасы, үлкен ұлы аутизм дертіне шалдыққан. Сондықтан болар ерекше балаларды бағып отырған аналарға қашан да көмек қолын созуға дайын. Қор ашу туралы шешімге осы бір адал ниеттің жетегімен келсе керек.

Бірде Перизат Талантқызы есімді әріптесім екеуміз Нұр-Сұлтан қаласына "Мама Про" қоғамдық қорының өзіне оқуға бардық. Мен секілді ерекше бала бағып отырған аналармен кездесіп, жақынырақ таныса келе көптеген жаңалыққа куә болдым. Кәсіпкерлік курсынан өткен аналардың тың бастамалары мені таңғалдырды. Олардың ерік-жігеріне тәнті болдым. Аналарды қанаттандырған дәл осы "Мама Про" қоры екеніне көзім жетті. Сол сәтте мен де Өскеменде қордың бөлімшесін ашып, өңірдегі ерекше аналарға қолдау көрсетсем деген ойға келдім, - дейді Еркежан Ағажаева.

"Мама Про" алғаш рет 2018 жылы ел астанасында даун синдромымен ауыратын балаларды тәрбиелеп отырған үш ананың - Айжан Әлжанова, Әсия Тікеева және Гүлсім Семеновалардың бастамасымен өзара идея алмасатын клуб ретінде құрылған. Олар өздері сияқты ерекше қажеттіліктері бар балаларды тәрбиелеп отырған аналарды біріктіру идеясын көтерген. Кейінірек қор болып құрылып, 2019 жылы Алматыда филиалы ашылған. Жобаның мақсаты - ерекше балалардың анасына психологиялық және әлеуметтік-экономикалық тұрғыда қолдау көрсету. Олардың бойындағы кәсіп жүргізуге қажет дағдыларды қалыптастырып, жұмыс табуға жәрдемдесу.

Бүгінгі таңда "Сорос-Қазақстан Қоры" мен "КМF - Демеу корпоративтік қоры" қолдау көрсеткен "Мама Про" тренингтік орталығының бағдарламасынан ерекше балалардың 500-ге жуық анасы өтті. Оқу курсынан өткеннен кейін біздің түлектер өзін-өзі бағалаудың жоғарылағанын, үлкен мотивация мен өзіне деген сенімділікті, сондай-ақ өзінің материалдық жағдайының жақсарғанын атап өтеді. Мысалы, біздің курстың табысты түлектерінің арасында оңалту орталығының және кейтерингтік компанияның негізін қалаушылар, кондитерлер, аспаздар, фотографтар, тігіншілер, визажис-тер, скрапбукерлер және басқалары бар. Оқудан кейін біздің түлектеріміз өз бизнесін іске қосты, бұл шамамен 100 әйел, 170 жұмыс орны құрылды. Сондай-ақ, 120-дан астам әйел психологиялық қолдау курстарынан өтті. Біз өз тәжірибемізбен бөлісуге және ерекше қажеттіліктері бар балаларды тәрбиелеп отырған аналарды өздерінің жоспарларын іске асыруға және Қазақстанның басқа өңірлерінде ұқсас орталықтар ашуға шабыттандыруға мүмкіндігіміз бар екеніне қуаныштымыз, - дейді "Мама Про" орталығының басшысы Гүлсім Семенова.

Следующая →