Өскемен
ясно
+9°
  • Өскемен
    +9°
  • Алматы
    +10°
  • Астана
    +13°
  • Ақтөбе
    +19°
  • Актау
    +22°
  • Орал
    +21°
  • Қарағанды
    +9°
  • Көкшетау
    +14°
  • Қостанай
    +16°
  • Қызылорда
    +17°
  • Павлодар
    +11°
  • Петропавловск
    +15°
  • Тараз
    +8°
  • Туркестан
    +22°
  • Шымкент
    +11°
$
443.35
475.54
¥
61.18
4.82
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Аягөздегі әскери қалашық Балаларды қорғау күнін атап өтті

Аягөз гарнизонының әскери қызметшілері балаларға арнап 1 маусым күніне орай салтанатты іс-шара ұйымдастырды

Усть-Каменогорск и ВКО / Аягөздегі әскери қалашық Балаларды қорғау күнін атап өтті

Гарнизон бастығы подполковник Дәулет Сүттібаев балаларды мерекелерімен құттықтады.

Аягөз гарнизонының баспасөз қызметі хабарлағандай, мерекеге арнап, шағын сахна мен ойын нүктелері құрылды. Әскери қызметшілердің балалары түрлі ойындарға қатысты. Балалар әсем әнге би-билеп, тамылжыта ән салып өз өнерлерін көпшілік қауымға паш етті.

imgonline-com-ua-Resize-mSjocgjdzC.jpg

Сонымен қатар, спортқа жаны құмар жеткіншектер әр түрлі спорттық шараларға белсене атсалысып, өзара сынға түсті. Үздік үштіктің қатарынан көрінген жүлдегерлерге бағалы сыйлықтар табысталды.


Айта кетейік, балаларды қуанту мұнымен шектелмеді. Мереке соңында барлық балаларға тегін балмұздақтар мен ойыншықтар таратылды. Осылайша аягөздік әскерилер балаларға мерекелік көңіл-күй сыйлап, айтулы күнді жоғары деңгейде атап өтті.



Следующая →