Өскемен
ясно
+20°
  • Өскемен
    +20°
  • Алматы
    +19°
  • Астана
    +23°
  • Ақтөбе
    +19°
  • Актау
    +17°
  • Орал
    +17°
  • Қарағанды
    +19°
  • Көкшетау
    +22°
  • Қостанай
    +20°
  • Қызылорда
    +22°
  • Павлодар
    +19°
  • Петропавловск
    +18°
  • Тараз
    +20°
  • Туркестан
    +15°
  • Шымкент
    +21°
$
443.44
480.51
¥
61.36
4.88
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Жерлесіміз Ерқанат еміне елден көмек сұрайды

Орда бұзар жасқа таяған шағында Өскемен қаласының тұрғыны Ерқанат Дюсупбаев аты жаман дертке шалдықты. Жалындап тұрған жас жігіттен дәрігерлер өткен жылдың желтоқсан айында өкпе обырын анықтаған

Усть-Каменогорск и ВКО / Жерлесіміз Ерқанат еміне елден көмек сұрайды

Қазақстанда өкпе қатер­лі ісігі – сүт безі қатерлі ісігі­нен кейінгі обырдың ең көп тарал­ған түрі. Жыл сайын өңірлерде өкпе қатерлі ісігіне жаңадан 3500-ге жуық адамның душар болады екен. Бұл кеселдің қауіп­тілігі сон­да: біріншіден, өкпенің қатерлі ісігі тез өршитін болса; екіншіден, өкпенің дамыған қан және лимфа тамырлары арқылы адамның басқа мүшелеріне жиі метастаз беруінде. Ерқанатқа диагноз қойылған уақытта өкпе обырының 4-сатысы екені анықталған. Бүгінде метастаз бүйрек безі, бас миы, екі өкпеге жайыла бастаған. Жас жігіт қиналғанын жақындарына қанша сездірмеуге тырысса да, дерт меңдеп бара жатқаны анық. Бірақ әлі құрып, бойынан қуат кетіп бара жатқанымен, рухы мықты, соңына дейін күресуге дайын екенін айтады жақындары.

Дүйсенбі күні позитрондық эмиссиялық томография нәтижесі шықты, ағзасының көп бөлігінде метастазалар бар екені анықталды, - дейді Ерқанаттың әпкесі Жанна. - Сол томография нәтижесін Корея мен Түркиядағы дәрігерлерге жібердік. Ондағы мамандар қандай ем, қанша сома қажет екенін есептеп жібереді. Күтіп отырмыз. Соған қарай Ерқанатқа ыңғайлысын таңдаймыз. Ерқанат кішкене сөйлесе алқынып, қатты жөтеліп, дем жетпей қалады. Жолды көтере ала ма, жанына кислород қою керек болады – осының барлығын ескеру қажет. Әуе компаниялары тек бизнес-класта ғана ондай мүмкіндік бар екенін айтады. Ал бизнес-класқа билет бағасы қымбат.

Ерқанаттың жақындары инстаграм әлеуметтік желісінде арнайы парақша (@help_erkanat) ашып, көптен жылу жинап жатыр. Бірнеше күнде 2 млн теңге жиналған. Әзірге емге нақты қанша сома қажет екені белгісіз. Бірақ өкпе обырына жасалатын ота мен одан кейінгі реабилитациялық шаралар қомақты қаржыны талап ететіні айтпаса да түсінікті.

imgonline-com-ua-Resize-adEmA0AkX3DtfBm.jpg

Ерқанаттың өзі Екібастұз қаласында дүниеге келсе де, Өскемен қаласында тұрады. Осында білім алып, еңбек етіп жүрген. Әкесі Күршім ауданының, ал анасы Тарбағатай ауданының тумасы. Әкесі 35 жасында көлік апатынан көз жұмған. 28-дегі Ерқанат әкесінің жасына да жетпей қалудан қорқады, бірақ өмір үшін барын салып күресіп келеді. Бойынан қуат қашып, әлі құрыса да рухы сынып, оңайлықпен дертке берілмек емес. Арманы көп, мақсаты айқын.

Ерқанатқа демеу болып, дертінен құлан-таза айығып кетуіне сіз бен біз де көмектесе аламыз.

Реквизиттер:

Kaspi +7 701 399 49 36 (Батырбалинова Гүлназ Советкановнаның атында)

Карта нөмірі: 4400 4301 1650 0833 (IBAN: KZ80722С00002571861)




Следующая →