Өскемен
облачно
+7°
  • Өскемен
    +7°
  • Алматы
    +11°
  • Астана
    +3°
  • Ақтөбе
    +11°
  • Актау
    +15°
  • Орал
    +12°
  • Қарағанды
    +5°
  • Көкшетау
    +3°
  • Қостанай
    +4°
  • Қызылорда
    +12°
  • Павлодар
    +6°
  • Петропавловск
    +2°
  • Тараз
    +10°
  • Туркестан
    +7°
  • Шымкент
    +12°
$
488.11
530.09
¥
68.52
5.01
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Шыңғыстайлық Еркеғалидің көзін Ресейде емдету үшін көптің көмегі қажет

Екі сыныптас ойнап отырып бірі екіншісінің көзін абайсызда жазым еткен. Былтыр орын алған оқиға неге биыл ғана халық назарына ілініп отыр? Мәселенің мән-жайын анықтадық

Усть-Каменогорск и ВКО / Шыңғыстайлық Еркеғалидің көзін Ресейде емдету үшін көптің көмегі қажет

Катонқарағай ауданы Шыңғыстай орта мектебінде былтыр оқыс жағдай орын алған болатын. 4-сынып оқушысы Еркеғали Нұрланның көзіне сыныптасы абайсыздан зақым келтірген. Екі бүлдіршін арасында ешқандай жанжал болмаған. Қаламсаппен атысып ойнап отырған ұлдардың бірінің көзіне жазу құралы тиіп, жазым болған.

Бүгінгі таңда Еркеғали Нұрланның әкесі Серік Әкімбаев көршілес Ресей еліне ұлын апарып емдету үшін қаражат қажеттігін айтып, халықтан көмек сұрап отыр. Оқыс жағдай білім ордасында орын алғандықтан мәселенің мән-жайын анықтау үшін облыстық Білім басқармасына хабарласқан едік.

Екі бала ойнап отырып бірінің көзіне қаламсап тиіп жарақат алған. Сабақ өткізіп жатқан ұстаз бірден баланы мектептегі дәрігердің қолына табыс етті. Бала Өскемен қаласындағы «Ана мен бала орталығына» жеткізілді. Кейін Алматы қаласында арнайы ем алды. Білім басқармасы тарапынан, аудандық білім беру бөлімі тарапынан зардап шеккен балаға материалдық көмек көрсетілді. Сондай-ақ, Еркеғали Нұрлан офтольмологиялық орталықта тегін қаралып, ем алу үшін тез арада Алматы қаласындағы КАЗ НИИ-ға квота бөлінді. «Катонқарағай ауданын дамыту» қорымен байланыс орнатылып, материалдық көмек көрсетуге ықпал жасалды. Шығыс Қазақстан Білім саласындағы сапаны бақылау департаменті аталмыш жағдайға орай тексеру жүргізіп, мектеп басшылығы мен сабақ өткізіп жатқан ұстазға қатысты шешім шығарды. Сот шешімімен аталмыш тұлғаларға сөгіс жарияланып, айыппұл салынды. Прокуратура тарапынан тексеріс жүргізілген. Зақым келтірген Еркеғалидің сыныптасы кәмілеттік жасқа толмауына байланысты оған қатысты ешқандай жаза қолданылмайды, - дейді Шығыс Қазақстан облысының Білім басқармасының тұлғаның рухани адамгершілік дамуы, тәрбие жұмысы және қосымша білім беру бойынша бөлім басшысы Әсем Нускенова.

Зардап шеккен баланың әкесі Серік Әкімбаевтың өзіне де хабарласып, Еркеғалидің қазіргі жағдайын сұрап білдік. Облыстық Білім басқармасы мен Катонқарағай аудандық білім бөлімінің тарапынан әртүрлі көмек болғанын Серік Әкімбаев та айтып отыр.

Былтыр ойыннан от шығып, осындай жағдай орын алды. Ойын балалары болған соң оқыс оқиға орын алды деп ойлаймын. Бірақ бір қынжылатыным - балама дереу көмек көрсетілмеген. Жай ғана қаламсап тиіп кетті деген оймен уақыт жоғалтып алған. Кейін баламның мазасы кетіп, сол жақ көзінен қан аға бастағанда дене шынықтыру пәнінің мұғалімі келіп көмек берген. Содан бірден бізге хабарласып, мектепке келуімізді сұрады. Біз дереу жеттік. Баламды бірден өңіріміздегі ауруханаға апардық. Олар бізді қалаға «Ана мен бала орталығына» жіберді. Қалада бірден ота жасалды. Отадан кейін бізді облыстық бас офтальмолог дәрігер Азамат Иманқұловқа жіберді. Ол баламның көзі 25% көреді деп қорытынды жазып беріп, Алматыға КАЗ ҒЗИ-ға жіберді. Баламды Алматыға дейін апарып ота жасатып келдік. Онда баламның көзі жанары 0% деп қорытынды жазып, көзіне кристалл салып берді. Одан кейін қайтып қалаға барып қаралмадық. Сенім жоқ. Келінімнен Новосібірде осындай көз ауруын жақсы емдейді деп естіп, сол жаққа апару ойымда бар. Енді қазір сол еміне ақша жинап жатырмыз. Баламның көзіне зақым келтірген сыныптасының отбасы 300 мың теңге ақша берді, «Катонқарағай ауданын дамыту» қорынан 400 мың теңге, өзінің бастауыш сынып мұғалімі өз атынан 300 мың теңге көмек берді. Аудандағы ұстаздар мен мектеп директорлары шетте қалмай, баланың еміне ақша жинап берген. Қазір емді жалғастырып көршілес Ресей елінің Новосібір қаласына апарып емдетіп, қарату үшін 4 миллион теңге қажет, сол үшін қаржы жинап жатырмыз, - дейді Серік Әкімбаев.

Облыстық офтольмологиялық орталықта оқушының денсаулығын қадағалап, Алматыға жолдаған бас дәрігердің пікірін білдік.

Баламен былтыр танысып, қарап, Алматымен сөйлесіп өзім жібергенмін. Ол жақта балаға ота жасалған. Бірақ одан кейін ол баланы көрмедім. Қазіргі жағдайы қалай екенін де білмеймін. Отадан кейін маған келмеді. Баланың сол жақ көзіне зақым келген, яғни, көз жарақаты деген диагноз қойылған. Сол үшін де Алматыға жібердік. Ол жақта балаға ота жасап, жергілікті жеріне тіркеліп, қаралып тұруға кеңес берген екен. Бірақ баланың ата-анасы Новосібір қаласына барып емдетуді қалайды деп естідім. Негізінде баланың көзі біздің Қазақстанда да емделеді. Бірақ баласын қай елге апарып емдетемін десе де әрбір ата-ана өзі біледі, - дейді облыстық бас офтальмолог дәрігер Азамат Иманқұлов.

Зардап шеккен баланың әкесінен неліктен ұлын шетелде емдеткісі келетінін білу үшін қайта хабарласқан едік.

Ең алдымен қалаға қаралдық. Олар баламның көзі 25% көреді деп Алматыға жіберді. Кейін Алматыға бардық олар балаңыздың көзі 0% көрмейді деді. Біздің қолдан келетін дүние баланыздың көзіне кристалл ғана салып береміз деді. Сонда Қазақстанда емделуге келсе неге басында баламды қинамай бірден сол емдерін жасап бермеген. Қазір кімге сенемін? Екімше еш артар өкпем жоқ деседе сенім жоқ ешқайсысына. Сол себепті шет елге апарып емдетуді жөн санап отырмыз, - дейді баланың әкесі.

Айта кету керек, кешеден бері әлеуметтік желілерде қызу талқыға түсіп жатқан Еркеғалидің жағдайына бейжай қарамаған жанашыр жандар бір тәуліктің ішінде 1 миллион теңгеден астам қаражат жинап берген екен. Аудандық білім беру бөлімінің қызметкерлері де өз еріктерімен оқушыларының еміне тағы да көмек көрсетуге ниеттеніп, 700 мың теңге қаражат аудармақшы.

Реквизиттер: Каспий GOLD: 8775 344 64 23 (Баксара Б)

Следующая →