Өскемен
пасмурно
+4°
  • Өскемен
    +4°
  • Алматы
    +6°
  • Астана
    -3°
  • Ақтөбе
    -3°
  • Актау
    +9°
  • Орал
    +5°
  • Қарағанды
    -4°
  • Көкшетау
    -3°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +4°
  • Павлодар
    -2°
  • Петропавловск
    -3°
  • Тараз
    +4°
  • Туркестан
    +3°
  • Шымкент
    +7°
$
494.87
-0.33
520.65
-1.69
¥
68.34
4.91
-0.03
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Түнгі рейд: Өскеменде жасөспірімдер тарапынан 152-ге жуық заңсыз әрекет анықталды

Қаламызда 25 мамыр күні "Соңғы қоңырау" шарасын өткізу кезінде жастар жиналатын орындарды тексеру үшін "Бірыңғай алдын алу күні" акциясы өткізілді. Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге 748 полиция қызметкері қатысты

Усть-Каменогорск и ВКО / Түнгі рейд: Өскеменде жасөспірімдер тарапынан 152-ге жуық заңсыз әрекет анықталды

Өскемен қаласы әкімдігінің жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия мүшелері және Полиция басқармасының ювеналды полиция қызметкерлері, сондай-ақ ШҚО Білім басқармасы мамандарымен бірге қоғамдық тәртіпті сақтау орындарында түнгі рейд жүргізді. Шара барысында саябақтар, дәмханалар, орталық алаң, түнгі клубтар тексерілді. Біртүннің өзінде 152-ге жуық заң бұзушылық әрекет анықталды. Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге 748 полиция қызметкерлері қатысты.

Рейдтің басты мақсаты – түн ішінде жиі болатын қылмыс пен жол жүру ережесін елемейтіңдердің өрескел заң бұзуының алдын алу. Сондай-ақ, ойын-сауық орындарының әкімшілеріне, оқу орындарының оқушыларына, студенттеріне және ата-аналарға Қазақстан Республикасының заңнамасы мен нормативтік құқықтық актілерінің талаптары, сондай-ақ ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің талаптарын түсіндіру, - деді ШҚО Полиция департаментінің Жергілікті полиция қызметі басқармасы ювеналдық полиция тобының ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы полиция майоры Айгерім Бейсембаева.

Рейд барысында:

  • 132-бап бойынша (кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде болуына жол беру) - 3;
  • 442–бап және 122-баптар бойынша (кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде немесе тұрғынжайдан тыс жерде болуы) - 6;
  • 200-бап бойынша (алкоголь өнімдерін сату бойынша ҚР заңнамасының талаптарын бұзу) - 3;
  • 423-1- бап бойынша (жиырма бір жасқа толмаған адамдарға темекіні және темекі бұйымдарын, оның ішінде қыздырылатын темекісі бар бұйымдарды, кальянға арналған темекіні, кальян қоспасын, темекіні қыздыруға арналған жүйелерді, электрондық тұтыну жүйелерін және оларға арналған сұйықтықтарды сату) - 18;
  • 440-бап 2-тармағы бойынша (алкогольдік ішімдіктер ішу немесе қоғамдық орындарға масаң күйде келу) бойынша 18 факті анықталды.

Аулаларды аралау кезінде ювеналды полиция қызметкерлері заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз 7 кәмелетке толмаған баланы ұстады, олар кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына орналастырылды. Ол жерден балаларды тек заңды өкілдері келіп алып кетуі керек.

Следующая →