Өскемен
пасмурно
-10°
  • Өскемен
    -10°
  • Алматы
    -2°
  • Астана
    -6°
  • Ақтөбе
    -2°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +3°
  • Қарағанды
    -8°
  • Көкшетау
    -6°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -9°
  • Петропавловск
    -8°
  • Тараз
    +1°
  • Туркестан
    +2°
  • Шымкент
    +5°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемендік жастармен кездескен Берік Уәли референдумға қатысуға шақырды

Бүгін Өскемен қаласына Ақорданың бұрынғы баспасөз хатшысы, қазіргі таңда "Хабар" агенттігінің басқарма төрағасы қызметіне тағайындалған Берік Уәли Сәрсен Аманжолов атындағы ШҚУ-дың профессорлық құрамымен және студенттерімен кездесті

Усть-Каменогорск и ВКО / Өскемендік жастармен кездескен Берік Уәли референдумға қатысуға шақырды
Фото:
С. Аманжолов ат. ШҚУ баспасөз қызметінен

5-ші маусым күні болатын республикалық маңызы бар референдум жұмыстарын түсіндіру және үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу мақсатында жұмыс сапарымен арнайы келген жерлесімізді университет ректоры Мұхтар Төлеген қарсы алды.

Сөз бастаған Мұхтар Әділбекұлы алдағы болатын референдумның Қазақстан халқы үшін маңызды қадамдардың бірі екенін атап өтті. Сонымен қатар, университет ұжымы Президент Қасым-Жомарт Кемелұлының бастамасын бірауыздан қолдайтынын мәлімдеді.

Берік Уәли мемлекет басшысы аймақтарға бару жөнінде тапсырма берген кезде шығысты әдейі таңдап, осы өңірге келуге сұранып алғанын айтады. Сонымен бірге, бұл жиын қатып қалған қағида бойынша емес, еркін форматта өткенін қалайтынын жеткізді.

Болашақ – жастардікі! Қазір "Жаңа Қазақстан" құрылып жатыр. Алда көптеген өзгерістер болады. Мен Қасым-Жомарт Тоқаев Президент болып сайланған күннен бастап ол кісінің қасында көп жүрдім. Халыққа ақпаратты бірінші болып жеткізуші болғандықтан мемлекет басшысының қыр-сырын жақсы білдім. Ең бірінші айтқым келгені, Президент сайлауға түскенде қандай уәде берсе де толығымен орындайтынын айтқан болатын. Міне, кейінгі 3 жылдан бері өзі ойға алған барлық мәселелерді шешіп, біртіндеп орындап жатыр. Осы референдумға да үлкен дайындықпен келген болатын. Сондықтан болашақ үшін, жаңа Қазақстан үшін Президентіміздің бастамасын қолдайық! - деді "Хабар" агенттігінің басқарма төрағасы Берік Уәли.

Бұдан кейін ол университет ұстаздары мен студенттердің қойған сауалдарына жауап берді. Елдегі, әлемдегі жағдайларды баяндап, оған өзінің және биліктің көзқарасы қандай екенін түсіндірді.

Жиын соңында ректор Мұхтар Әділбекұлы университеттегі дәстүр бойынша Берік Уәлиге "Абай" атындағы алтын медаль табыстап, кеудесіне тақты.

Следующая →