Өскемен
пасмурно
-10°
  • Өскемен
    -10°
  • Алматы
    -2°
  • Астана
    -6°
  • Ақтөбе
    -2°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +3°
  • Қарағанды
    -8°
  • Көкшетау
    -6°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -9°
  • Петропавловск
    -8°
  • Тараз
    +1°
  • Туркестан
    +2°
  • Шымкент
    +5°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Дәулет Мамыр: «Егін егу оңай іс емес»

Ауыл шаруашылығының бірнеше бағыты бар. Солардың бірі - егін шаруашылығы. Соңғы жылдары мемлекет егін шаруашылығына едәуір көңіл бөліп отыр

Усть-Каменогорск и ВКО / Дәулет Мамыр: "Егін егу оңай іс емес"
Фото:
Д. Мамырдың жеке мұрағатынан

2022 жылы облысымыздағы ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс алаңы 1393,3 мың га құрады. Өткен жылмен салыстырғанда диқандар игеретін алқаптар көлемі биыл 14,6 мың га-ға артты. Көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын нәтижелі жүргізу үшін ағымдағы жылы облыстық бюджеттен 6 миллиард теңге субсидия бөлінді. Өз кезегінде бұл 2021 жылғы деңгейден 577 миллион теңгеге артық.

Шығыстың жерін егіп, астық орып жүрген бірқатар ірі шаруа қожалықтары бар. Солардың бірі "Таулы Восток и К" ЖШС. Арпа, бидай, күнбағыс және жем-шөп өндірісімен айналысатын бұл шаруашылықты Дәулет Мамыр басқарады.

Дәулет Мамыр егін шаруашылығын дамытуға бет бұрған кезде оны қолдаушылар да, оның жұмысының берекелі болатынына сенушілер де аз болды. Дегенмен бүгін шаруа қожалығы тек облысымыздың ғана емес, еліміздің экономикалық дамуына үлес қосып отырған ірі шаруа қожалығына айналып отыр.

imgonline-com-ua-Resize-NVUdgPsysN.jpg

Атаның жолын жалғады

"Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің" демекші, Дәулет Мамырдың әкесі Жанарбек Абаев металлург, анасы Руфа Бекмұхамбедова өмірін медицина саласына арнаған медбике болса, әжесі Құлжами Абаева саналы өмірінде Ұлан ауданы Красноалтай совхозында алдыңғы қатарлы сауыншы болған. Құрметті қызметкер атағын алып, ауыл игілігі үшін еңбек етті. Құлжами анамыз жұмысын өте тамаша атқарғандықтан ол құрмет грамоталарын алған, тіпті оның құрметіне алдыңғы қатарлы сауыншы ретінде ту көтерілді.

Атасы Абаев Мамыр Бұзаубекұлы Красноалтай совхозының ең құрметті жұмысшыларының бірі болған.

Нағыз еңбек адамдарының тәрбиесін көріп өскен Дәулет Жанарбекұлы атасы мен әжесінің жолын жалғап, Тәуелсіз Қазақстанның ауыл шаруашылығының дамуына үлес қосып жүрген шаруалардың біріне айналды.

Дәулет Мамыр 1986 жылы Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келген. 2004 жылы Өскемен қаласының №42 орта мектебін бітіріп, Д. Серікбаев атындағы ШҚМТУ экономика және қаржы факультетіне "Қаржы" мамандығы бойынша оқуға түсті. Университетті 2008 жылы бітірген. Оқуды бітіргеннен кейін, сол 2008 жылы өзінің өмірілік жарын жолықтырып, шаңырақ көтеріп, отау құрады.

2008-2010 жылдары ол жеке кәсіпкер ретінде өзін сынап көреді. Ет және күнбағыс майының ұсақ саудасымен айналысты. 2011 жылдан бастап "Таулы-Восток и К" ЖШС құрып, болып егін шаруашылығына бет бұрды.

Қуаңшылық шаруаны қиындатып тұр

Бүгінде ауыл шаруа-шылығымен айналысу тиімді. Себебі мемлекет агроөнеркәсіптік өндірісті дамытуға көп көңіл бөле бастады. Бұл арзандатылған ЖЖМ, сондай-ақ тұқымдардың, гербицидтер мен тыңайтқыштардың құны субсидияланады және пайызы төмендетілген несиелер беріледі, - деп атап өтті Дәулет Мамыр.

Катонқарағай ауданындағы Ново-Поляковка ауылының шетінде ашылған шаруа қожалығы ауылдың жергілікті тұрғындарын тұрақты жұмыспен қамтамасыз етіп отыр және тұрғындардың қалаға көшуін тоқтатты. Қазір шаруашылық қызметкерлерінің жалақысы басқа шаруашылықтармен салыстырғанда 30%-ға жоғары.

2011 жылы мен жұмысымды енді бастаған кезде тұрғындардың өздері мен бастап жатқан іске, оның болашағына сенбеді. Бірақ солардың арқасында, бірлескен күш-жігермен шаруашылықты республикалық деңгейге көтердік. Қазір ауыл тұрғындары маған әрдайым қолдау көрсетуге дайын, - дейді шаруа.

Дәулет Жанарбекұлы өзінің еңбек жолын бастаған кезде оның арнайы техникасы да болмаған, бірақ жылдар бойы қажырлы еңбегінің арқасында оның компаниясы "John Deere және Claas" брендінің импорттық техникасын сатып алды.

Қазіргі заманда жаңа технологиясыз ауылшаруашылығында жұмыс істеу мүмкін емес. Сондықтан 2014 жылы "Казагрофинанс" АҚ арқылы "John Deere" атты егін жинайтын комбайнын, МТЗ-82 тракторын, 2015 жылы МТЗ-1221, егін егетін "быстрица", БДМ бискторын сатып алдық, - деп атап өтті Дәулет Жанарбекұлы.

Өзінің егін шаруашылығын енді бастаған кезде, яғни, 2011 жылы компанияның өнімділігі 10 центнер болды. Ал бүгінде бұл көрсеткіш бірнеше есе өсті: бидай 65 центнер, арпа 75 центнер, күнбағыс 45 центнер, рапс 35 центнерге артты.

Шығыс Қазақстан облысының климаты тым континенттік екенін ескерсек, далада жұмыс істеу оңай емес. Жермен жұмыс ұқыпты қарым-қатынасты, қамқорлық пен сүйіспеншілікті талап етеді. Қазір "Таулы-Восток и К " ЖШС жерді тыңайтқыштарды және өсімдіктерді қорғауға арналған құралдарды қолданады.

Жерді күтіп баптау үшін жердің бабын білу керек. Мысалы, 2020-2021 жылдары қуаңшылық болды. Тіпті, биылдың өзінде 1 айдан асты жерімізге бір тамшы жауын тимеді. Ал егін жердің астында жиналған ылғалдың арқасында ғана өсіп-өнуде, - деп қосты Дәулет Мамыр.

Шығыс Қазақстан жазы қысқа, қысы ұзақ өңірлерге жатады. Қыркүйек айының басында шығыста алғашқы аяздар қыса бастайды. Жазда температураның өзгеруі 25-30 градусқа дейін жетеді. Сондықтан егін егу маусымы шамамен мамыр айының басында басталып, қазан немесе қараша айларында аяқталады.

Мал шаруашылығын да қолға алмақ

Алдағы уақытта Дәулет Жанарбекұлы мал шаруашылығы саласындағы қызметін кеңейтуді армандайды. Ол ірі қара малдың элиталық тұқымын сатып алып, ауыл шаруашылығының тағы бір бағытын дамытуды жоспарлап отыр. Яғни, 100 бас ірі қара сатып алып, оны 1000 бас етті және 600 бас сүтті төлге дейін жеткізгісі келеді.

Кәсіпкер Дәулет Мамыр ШҚО-да аграрлық секторды дамытып қана қоймай, Катонқарағай ауданына сыйлы, атымтай жомарттардың бірі. Ол зейнеткерлерге, ҰОС ардагерлері мен тыл еңбеккерлеріне, тұрмысы төмен, көпбалалы отбасыларға, мүгедек бала тәрбиелеп отырған отбасыларға әрдайым көмектеседі, жергілікті мектептерге қолдау көрсетеді. Оны ауылдастары ғана емес, Катонқарағай ауданының барлық тұрғындары біледі және құрметтейді.

Ол ауыл шаруашылығында үлкен жетістіктерге қол жеткізе алды және мұнда оның жары Арайдың да елеулі еңбегі бар. Себебі әйел ретінде ол әрқашан күйеуінің бастамаларын қолдап, ең бастысы отбасы, ошақ қасында жүріп, балалардың тәрбиесімен айналысып отыр.

Дәулет Жанарбекұлы өзінің жастығына және аграрлық салада білімінің аздығына қарамастан, биік жетістіктерге қол жеткізе алды. Өзінің қажырлы еңбегінің, берік және батыл мінезінің, еңбексүйгіштігінің, жерге деген сүйіспеншілігінің арқасында ол тәжірибелі агрономға айналды.

Алайда Дәулет Мамырдың өзі әлі үйренерім көп дейді. Себебі уақыт бір орында тұрмайды және аграрлық сектор да күн сайын дамып, өзеріп, жаңаруда.

Следующая →