Өскемен
пасмурно
-7°
  • Өскемен
    -7°
  • Алматы
    -8°
  • Астана
    -12°
  • Ақтөбе
    -8°
  • Актау
    +4°
  • Орал
    -2°
  • Қарағанды
    -14°
  • Көкшетау
    -12°
  • Қостанай
    -9°
  • Қызылорда
    -5°
  • Павлодар
    -16°
  • Петропавловск
    -15°
  • Тараз
    -5°
  • Туркестан
    -4°
  • Шымкент
    -7°
$
523.86
544.34
¥
71.77
5.11
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Ақжардағы 1 млрд 300 млн теңгеге салынған кәріз жүйесі қашан іске қосылады?

Аудан орталығы статусы қайтарылған Ақжар ауылының ескі кәріз жүйесі қайта іске қосылмақ. Ол үшін тозығы жеткен трубаларды алмастырып, кәрізді қалпына келтіру жұмыстары басталып кетті

Усть-Каменогорск и ВКО / Ақжардағы 1 млрд 300 млн теңгеге салынған кәріз жүйесі қашан іске қосылады?
Фото:
Тарбағатай ауданы әкімдігінен

Халқының саны 6200-ге жуықтаған шекаралық өңірде қазіргі таңда тазалық, көркейту, көгалдандыру жұмыстары басты назарға алынған. Оған себеп Ақжар ауылына аудан орталығы статусының қайтарылуы. Бір айдан бері ауылды қалпына келтіру бағытындағы жұмыстар атқарылып жатыр. Құрылыспен және тұрғындарға әлеуметтік қолдау көрсетумен бірге ауылдың су, электр, кәріз жүйелері сынды маңызды мәселелері де қолға алынған. Жақында аудан әкімінің тапсырмасы бойынша Ақжар ауылындағы кәріз жүйесінің желісіне аудан әкімінің орынбасары Ерсін Ескендіров қайталап тексеру жұмыстарын жүргізген. Ал кәріз жүйесіндегі кем-кетік жерлеріне мердігер "ДК Проект" компаниясы жөндеу жұмыстарын жүргізуде.

2019 жылы 1 миллиард 300 миллион теңгеден астам қаражатқа салынған кәріз жүйесін жөндеу жұмыстары басталды. Кәріз жүйесі іске қосылса, ауыл тұрғындарының 35-40%-ға жуығы өркениеттің игілігін көрер еді. Алайда мемлекеттен бөлінген қомақты қаржыға құбыр тартылғанымен, іске қосылмаған. Бұл өз кезегінде бюджет қаржысын үнемдеп, қосымша табыс табудың алғышарттары болар еді.

Мемлекеттік бюджеттен бөлінген ақшаның тең жартысына жуығы тиімсіз жұмсалған-мыс. Бір сөзбен айтқанда, қазына қазанынан алынған қаржының біраз бөлігі желге ұшты. Оған жауапты сала мамандары өз жұмысына жауапкершілік таныта алмай отырғаны өкінішті-ақ. Жаңа Қазақстанға жаңаша қадам басамыз деп өрекпіген тұста баяғы әдетіне басып, жартыкеш жұмыс істеуден арыға аса алмай жүрген жауапты мамандардың жауабы да көңілге қонбады.

Біз қазір мүмкіндігінше халықтың арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізудеміз. Негізгі жұмыстар бітіп тұр. Бірақ ауыл ішінде құбырларды іске қосу бойынша біраз жұмыстар ғана қалған. Сол жұмыстарды аяқтаған соң тиісті мекемеге өткіземіз, - дейді Тарбағатай ауданының құрылыс бөлімінің басшысы Серік Сабырбаев.

Бөлім басшысы қалпына келтіру жұмыстары қашан аяқталатынын дөп басып айта алмады. Оны бұл өзінің қызметке келгенге дейін басталған жұмыс екендігімен байланыстырды. Қазіргі таңда кәріз құдықтарының шеттері құлап, қақпақтары ашық жатқан көрінеді. "ДК Proekt" деген мердігер компаниясы кәріз жүйесін 2019 жылы тартқан, содан бері тұрғын үйлерді былай қойғанда, Ақжардағы санаулы әлеуметтік нысандар мен мекемелер де қосылмаған. Оның үстіне биыл жауапты мердігердің кепілдік мерзімі бітеді. Басшылықтардың сөзіне сенсек, жұмысты ағымдағы жылдың сонына дейін аяқтауы керек. Бірақ жұмыс әлі қолға алынбаған. Ал тұрғындар болса оның сапалы жүріп жатқанына күмәнмен қарайды. 3 жылдан бері шешімін таппаған мәселе халықты әбден мезі еткен. Әлеуметтік желілерде белсенді тұрғындар қазынадан бөлінген қаражаттың желге ұшқанынын айтып жарыса жазуда.

Халық қызығын көрмеген 1 миллиард 300 миллион теңге қаражат желге ұшты. Ақжардағы "кәріз жүйесі" жобасы деген нағыз жемқорлықтың жарқын үлгісі болғандай. Қайдағы ДК Проект? Халықты неге өтірік алдайсыңдар? "ДК Проектеріңнің" берген кепілдік мерзімі баяғыда бітіп қалған. Бөлінген қаражат мақсатына тиімді жұмсалмаған. Кәріз жүйесі жұмыс істемейді. Бірде-бір мекеме, тұрғын үй кәріз жүйесіне қосылмаған. Біз халық болып бұл мәселені Президентке тікелей жазып қойдық. Тексерістің көкесін көрсетіп, бұл жобаға жауаптылардың сазайларын тартқызу керек. Түкке де жарамай жердің астында көміліп жатқан құбырларыңның бетін ашып, жылына бір рет келіп шұқылап кеткеннен еш пайда жоқ. Аудан орталығы Ақжар ауылына ауысып келгенге дейін кәріз жүйесі жұмыс істеп тұруы керек. Мемлекеттен бөлінген қаражат жарамсыз болып жер астында жата ма? - дейді ауыл белсендісі Сержан Айтбаев.


Следующая →