Өскемен
ясно
+16°
  • Өскемен
    +16°
  • Алматы
    +19°
  • Астана
    +16°
  • Ақтөбе
    +23°
  • Актау
    +19°
  • Орал
    +25°
  • Қарағанды
    +17°
  • Көкшетау
    +15°
  • Қостанай
    +20°
  • Қызылорда
    +26°
  • Павлодар
    +12°
  • Петропавловск
    +15°
  • Тараз
    +19°
  • Туркестан
    +20°
  • Шымкент
    +21°
$
445.66
-0.83
474.58
-0.80
¥
61.53
-0.13
4.78
-0.01
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Шардағы цемент зауытының қызметкерлері Президентке үндеу жасады

Жарма ауданындағы "Шарцем" зауытының қызметкерлері айлықтарының аз екенін және зауытта қауіпсіздік шаралары сақталмағанын айтып, мемлекет басшысынан көмек сұрады

Усть-Каменогорск и ВКО / Шардағы цемент зауытының қызметкерлері Президентке үндеу жасады
Фото:
Жарма ауданы әкімінің әлеуметтік желідегі парақшасынан

Зауыт қызметкерлерінің айтуларынша, жалақылары 100-120 мың теңге көлемінде көрінеді.

Жарма ауданының Шар қаласында орналасқан "Шарцем" ЖШС цемент зауытында жұмысшылардың еңбек және жеке бас құқығы өрескел бұзылуда. Жұмысшылардың еңбекақылары салыстырмалы түрде тым төмен, қауіпсіздік шаралары мүлдем сақталмайды. Бұл жерде ҚР Еңбек заңында қарастырылған міндетті төлемдер төленбейді. Өз құқықтарын талап еткен зауыт жұмысшыларын жұмыстан шығаруға әрекет етуде. Зауыт жұмысшыларының талап-тілектерін ескеруіңізді сұраймыз, - делінген үндеуде.

Осыдан кейін Жарма ауданының әкімі Нұрымбет сақтағанов дереу әрекет етіп, кәсіпорынға барып, қызметкерлермен кездесті.

“SharСem” ЖШС-ның цемент зауыты жұмысшылары мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың атына еңбекақыларын лайықты төлеу, заңнамаға сәйкес әлеуметтік төлемдердің жүргізілуін және қауіпсіздік ережелерінің сақталуын қамтамасыз ету, жұмысшылар қауымына қолайлы жағдай туғызу және өз құқықтарын көтерген зауыт еңбеккерлерін жұмыстан қудаламау турасында бейнеүндеу білдірген болатын, - деп атап өтті ол өзінің әлеуметтік желідегі ресми парақшасында. - 170-тен асатын еңбек ұжымының жанайқайын тыңдап, мәселені түбегейлі зерттеу мақсатында өзім бастаған жұмыс тобы кәсіпорын басында болып, жұмысшылармен, зауыт басшылығымен кездесіп, көтерілген мәселелерді ортақ шешу жолдарын қарастырдық.

Аудан әкімі ұсынған ақпаратқа сүйенсек, аталмыш зауыт 2021 жылдан бері жаңа инвесторлардың келуімен қайта жарақтаудан өтіп жатыр. Жылына 1,2 млн тонна цемент өндіруге қауқарлы зауыт 6,8 млрд теңгеге толық жөндеуден өтіп, үстіміздегі жылы қолданысқа енуі жоспарланған.

Ең алдымен зауыт жұмысшыларының ұсыныс-тары мен тілектерін тыңдап, жалпы оларға жасалған жағдайлармен толық таныстым, - дейді Нұрымбет Аманұлы. - Мұнда да көңіл бөлетін тұстар басым екендігіне көз жеткіздім. Сәйкесінше зауыт басшылығымен кездесуімде айтылған мәселелер мен көңіл бөлетін тұстарды алдарына қойып, еліміздің қолданыстағы заңдары шеңберінде шешу қажеттігін ескерттім. Екі жақты келіссөздер барысында түнгі ауысымға шығатын жұмысшылардың еңбекақысын заң шеңберінде 1,5 еңбек нормасына сәйкес төлем жүргізу, жұмысшылар жатақханасында қолайлы әрі санитарлық талапқа сай жағдай жасау, еңбек қауіпсіздігі шараларын кешенді қолға алу, еңбеккерлердің денсаулығын қамтамасыз ету шараларына көңіл бөлу, еңбек келісім-шарттарымен кеңінен таныстырып, ұсыныс-тілектерін білдірген жұмысшыларды қудаламау туралы ұсынысымызды жеткіздік.

Зауыт басшылығы аудан әкімдігі айтқан ұсыныстарды толықтай құптап, кәсіпорын енді ғана аяққа тұрып келе жатқандықтан, уақытша туындап отырған мәселелерді кезең-кезеңімен шешу жұмыстары жүргізілетіндігіне уәде берген.

Ал түнгі ауысым жұмысшыларының еңбекақыларын еңбек нормасына сәйкестендіру ісін зауыттың бас кеңсесімен пысықтайтындықтарын айтты. Өткізілген жиын соңында хаттама толтырылып, көтерілген әрбір мәселелердің шешу мерзімін бекіттік. Зауыт жұмысшыларымен көтерілген түнгі ауысымға төленетін еңбекақының мөлшерін көтеру мүмкіндігі алдағы 10 күн ішінде нақты шешімін табатын болады. Жалпы тұтастай кәсіпорын еңбекерлерін толғандырған мәселелерді өз назарыма алып, жүйелі бақылау жүргізетін боламын, - деді аудан әкімі.


Следующая →