Өскемен
ясно
-12°
  • Өскемен
    -12°
  • Алматы
    +1°
  • Астана
    -3°
  • Ақтөбе
    -3°
  • Актау
    +8°
  • Орал
    -2°
  • Қарағанды
    -4°
  • Көкшетау
    -6°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +2°
  • Павлодар
    -11°
  • Петропавловск
    -10°
  • Тараз
    +1°
  • Туркестан
    -3°
  • Шымкент
    +8°
$
498.51
+0.17
522.84
+3.12
¥
68.81
+0.02
4.81
-0.04
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Шығыс Қазақстан облысының өнер адамдары боз кілемде кездесті

Семей қаласының "Абай арена" спорт кешенінде облыстық "Өнер барысы" сайысы өтті. Бұл сайысқа облыстан жиыны 40 өнерпаз қатысып, өз бақтарын сынады

Усть-Каменогорск и ВКО / Шығыс Қазақстан облысының өнер адамдары боз кілемде кездесті
Фото:
ұйымдастырушылар ұсынды

Руханияттың ордасы, Алаштың астанасы - Семей қаласында Абай облысының құрылуына орай, Шығыс Қазақстан облысындағы өнер адамдары арасында жылдың үздік мега жобасы "Өнер барысы-2022" атты қазақ күресінен облыстық спорт сайысы өтті. Семей қаласында "Өнер барысы" 2019 жылдан бері осымен 2-ші мәрте өтіп отыр. Мега жоба аз уақыт ішінде көрерменнің зор ықыласына бөленіп, тіпті Қазақстан Республикасының "Қазақ күресі" федерациясының күнтізбесіне енгізілген. Биылғы шара республикалық сайысқа іріктеу үшін ұйымдастырылған. Жарыстың ерекшелігі: оған тек қалалық және аудандық мәдениет саласының спортқа бейім қызметкерлері қатысқан. Жарыста 40 өнерпаз боз кілемге шығып, өзара мықтыны анықтады. Олардың арасында спортшылармен қатар, шығыс өңірінің өнер өлкесінде өзіндік орны бар айтыскер ақын, белгілі әзілкештер, әншілер мен өзге де танымал тұлғалар бар. Атап айтқанда, Үржар, Жарма, Абай, Көкпекті, Аягөз, Ақсуат, Зайсан, Ұлан, Бородулиха аудандары мен Семей қаласының өнерпаздары қатысты. Ережеге сәйкес 75 келіге дейінгі жеңіл және одан ауыр салмақта күрескен палуандарды кәсіби төрешілер бағалады.

Қазақ күресі де бір тарих. Балуандарды халық төбесіне көтеріп құрмет тұтқан. Сондықтан ұлттық спортты насихаттауға біз де үлес қосуды мақсат еттік. 40 палуан қатысқан дода "Қазақ күресі федерациясының" бекіткен барлық талаптарына сай ұйымдастырылды, - дейді жарысты ұйымдастырушы Ерзат Жанатұлы.

Сондай-ақ, Семей қаласы әкімінің орынбасары Айдар Садырбаев сайыстың шымылдығын ашып, өнерпаздарды құттықтады және қазақ күресінен тұңғыш спорт шебері, спорт ардагері Қуаныш Әбекбаев палуандарға бата берді.

Бұл ең бірінші кезекте Абай облысының құрылуына орай, "Абайдың жастары қайда" демесін, "Абайдың өнер қуған, спорт қуған жастары қайда" демесін деген ниетпен ұйымдастырылып жатқан шара. Шығыс Қазақстан облысының өнер адамдары жиналған. Өнерлі адам, барлық жағынан өнерлі болуы керек. "Жігітке жеті өнер де аз" деп айтады ғой. Шараны бастанаяқ ұйымдастырып жүрген жігіттерге алғыс айтамыз. Қаламызда осындай жастар бары қуантады, - дейді Семей қаласы әкімінің орынбасары Айдар Садырбаев.

Бес сағатқа созылған қызықты да, тартысты сайыстың нәтижесінде жеңіл салмақта Абай ауданы, Архат ауылының азаматы Ернат Тілеубеков 1-орын алып, "Өнер барысы" атанып, 200 мың теңге иеленсе, ауыр салмақ дәрежесінде Саржал ауылының мәдениет үйінің меңгерушісі Берікбол Мержақов 2-орынға ие болып, 150 мың теңгені қанжығасына байлады.

Күрес десе, атшабыс десе қазақтың делебесі қозып тұрады. Сондықтан өзім бастап шығуды ұйғардым. Қазақтың әр баласы күресе білуі керек деп ойлаймын. Күрес ол жанға саулық, жігер береді, жігітті қайрайды, рух береді, қазақтың намысын оятады. Осындай сайыстарды 2 жылда бір ұйымдастырып тұруды жоспарлап отырмыз, - дейді 1-орын иегері Ернат Тілеубеков.

Следующая →