Өскемен
ясно
-12°
  • Өскемен
    -12°
  • Алматы
    +1°
  • Астана
    -3°
  • Ақтөбе
    -3°
  • Актау
    +8°
  • Орал
    -2°
  • Қарағанды
    -4°
  • Көкшетау
    -6°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +2°
  • Павлодар
    -11°
  • Петропавловск
    -10°
  • Тараз
    +1°
  • Туркестан
    -3°
  • Шымкент
    +8°
$
498.51
+0.17
522.84
+3.12
¥
68.81
+0.02
4.81
-0.04
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

ШҚО-дағы жұмыссыз азаматтар бизнес-жоспарларын жүзеге асыру үшін мемлекеттен грант ала алады

2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба аясында гранттар берілуде

Усть-Каменогорск и ВКО / ШҚО-дағы жұмыссыз азаматтар бизнес-жоспарларын жүзеге асыру үшін мемлекеттен грант ала алады

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2022 жылғы 11 қаңтардағы ҚР Парламенті Мәжілісінің отырысында берген тапсырмасына сәйкес бизнес-идеяны іске асыруға арналған мемлекеттік грант мөлшері 2 есе – 200 АЕК-тен (612 600 теңге) 400 АЕК-ке дейін немесе 1 225 200 теңгеге дейін ұлғайтылған болатын.

Алайда енді тек жастар немесе аз қамтылған отбасы мүшелері – атаулы әлеуметтік көмек алушылар, көпбалалы отбасы мүшелері (жұбайы немесе зайыбы) – көпбалалы жәрдемақы алушылар, қоныс аударушылар, қандастар, мүгедектігі бар адамдар және мүгедек балаға жәрдемақы алатын адамдар қатарынан белгілі бір санаттар ғана грантқа үміткер бола алады. Грант алу үшін үміткер Busines.enbek - кәсіпкерлік бастамаларды қолдау порталына тіркеу арқылы электрондық цифрлық қолтаңбаны пайдалана отырып өтініш береді.

Жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға гранттар тұтынушылық мақсаттарға, кредиттік қарыздарды өтеуге, жылжымайтын тұрғын үй сатып алуға және салуға, жер учаскелерін сатып алуға, акцизделетін өнімдер өндіруге жол берілмейді. Грант алушы грант алған күннен бастап он екі ай ішінде бизнесті кеңейтуге бағытталған шараларды қоспағанда, жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларына қатысуға құқылы емес, яғни кредит немесе басқа да бағдарламалар бойынша грант ала алады. Халықты жұмыспен қамту орталығы шарт жасалған күннен бастап он екі ай ішінде Портал арқылы қаражаттың мақсатты пайдаланылуына мониторинг жүргізеді, - деп атап өтті ШҚО жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Досхан Қайырғазинов.

ШҚО бойынша бүгінге дейін 28,2 млн теңге сомасына 23 грант, оның ішінде 6 грант – мүгедектігі бар жастарға, 1 – АӘК алушылар, 15 – көпбалалы отбасыларға берілді. Сонымен қатар, кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі қатысудың басқа да мүмкіндіктері жайлы 2021-2025 жылдарға арналған Ұлттық жоба негізінде «Кәсіпкерлердің қажеттіліктеріне қарай дағдыларды дамыту» бағыты бойынша 2022 жылы еңбек нарығында сұранысқа ие дағдылар мен біліктіліктер бойынша кемінде 1415 адамды кәсіптік оқытумен қамту, оның ішінде жұмыс берушілердің сұрауы бойынша оқу ұйымдарында - 973 адам, жұмыс берушінің жұмыс орнында – 442 адам, сондай-ақ онлайн оқыту арқылы – 1 600 адам жоспарлануда.

2022 жылы субсидияланатын жұмыс орындарына 6711 адамды жұмысқа орналастыру, оның ішінде жастар практикасы – 714, бірінші жұмыс орны – 132, әлеуметтік жұмыс орындары – 430, қоғамдық жұмыстар - 4867, ұрпақтар келісімшарты бойынша (зейнеткерлік жасқа толған жұмыс істейтін жұмыскерді кейіннен ауыстыра отырып жұмысқа орналастыру) – 38, күміс жас (зейнеткерлік жас алдындағы тұлғалар үшін жасы) – 530 жоспарлануда, - деп жұмыссыздықпен күрес туралы атқарылатын істер жайлы айтып өтті Досхан Қайырғазинов.

2022 жылы қоғамдық жұмыстармен кемінде 4 867 адамды қамту көзделініп отыр. Сондай-ақ, «Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» ұлттық жобасын іске асыру шеңберінде ШҚО-да биыл 680 қоныс аударушы мен қандастарды, оның ішінде өңіраралық қоныс аудару (Оңтүстік-Солтүстік) шеңберінде – 518 адамды, отандастарды қабылдау шеңберінде – 162 қандасты қабылдау жоспарланып отыр.



Следующая →