Өскемен
пасмурно
+6°
  • Өскемен
    +6°
  • Алматы
    +15°
  • Астана
    +10°
  • Ақтөбе
    +17°
  • Актау
    +20°
  • Орал
    +17°
  • Қарағанды
    +7°
  • Көкшетау
    +11°
  • Қостанай
    +13°
  • Қызылорда
    +18°
  • Павлодар
    +6°
  • Петропавловск
    +9°
  • Тараз
    +16°
  • Туркестан
    +13°
  • Шымкент
    +19°
$
442.05
474.14
¥
61.07
4.74
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Аягөздегі әскери бөлімдер жас сарбаздармен толықты

Аягөз гарнизонының әскери бөлімдері Алматы, Қарағанды, Жамбыл, Солтүстік Қазақстан, Ақмола облыстарынан келген 400-ге жуық сарбазбен толықты

Усть-Каменогорск и ВКО / Аягөздегі әскери бөлімдер жас сарбаздармен толықты

Көктемде әскер қатарына шақырылған сарбаздар жоспарға сәйкес бір айлық жас жауынгер курсынан өтіп, саптық дайындықты, жауынгерлік қарудан оқ ату дағдыларын, сонымен қоса жауынгерлік қару-жарақтарды қолдану тәсілдерін меңгеретін болады, деп мәлімдеді Аягөз гарнизонының баспасөз қызметі.

Бір ай ішінде болашақ Отан қорғаушылар жалпы әскери жарғы, мемлекеттік-құқықтық дайындық және жауынгерлік дайындық сабағы бойынша білім алатын болады. Қазіргі уақытта жас сарбаздар, жауынгерлік дайындық жоспары бойынша саптық, тактикалық, атыс, денешынықтыру, медициналық дайындық сабақтарын оқуда, –  деді танкистер құрамасы командирінің орынбасары майор Бақытжан Сералиев.

Оларға тәжірибелі офицерлер мен сержанттар әскери қызметке бейімделуге көмектесіп, әскери істің негіздерін үйретпек.

Біз қазіргі уақытта әскери өмірмен жақынырақ танысып жатырмыз. Мұндағы күн тәртібіне де үйренісіп қалдық. Санаулы күндерден кейін әскери ант беріп, борышымызды абыроймен өткереміз деген сенім мол, – деді жас толым Әлішер Нұртазанов.

Жас сарбаздардың салтанатты түрде әскери ант беру рәсімі 11 маусымға жоспарланған.

Следующая →
Тақырыптар: Аягөз гарнизон Әскер