Өскемен тұрғыны екі адамды алдып бірнеше миллион қарызға батырып кетті
Айлакер мобильдік қосымша арқылы ипотека рәсімдеуге көмектесемін деген сылтаумен өзгенің қаражатын өзі иемденіп кеткен
Ертіс ПБ кезекші бөліміне 28 жастағы Өскемен қаласының тұрғынынан арыз түсті, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Белгілі болғандай, ер адам таныс жігіттің көмектеспек ниетіне сенім білдірген. Бірақ оны танысы алдап-соғып, 3 000 000 теңгеге несие рәсімдеп, оны өзі қалтасына басқан.
Келесі күні 51 жастағы қала тұрғынынан осыған ұқсас тағы бір арыз келіп түсті. Зардап шегушінің айтуынша, бейтаныс жігіт 6 000 000 теңге сомасындағы қаражатты алдау жолымен иемденген.
Тәртіп сақшылары күдіктінің жеке басын анықтады. Ол 24 жастағы жергілікті тұрғын болып шықты.
Жауап алу барысында ол өз кінәсін мойындады.
ҚР ҚК 190-бабы 3-бөлігі "Алаяқтық" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
ОЛ үш жылдан жеті жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.