ШҚО полицейлері атыс қаруы мен оқ-дәрілерді сақтаған ер адамды ұстады
Іс бойынша қажетті тергеу іс-шаралары жүргізілуде. Күдікьіге қатысты "келу туралы міндеттеме" түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды
Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу нәтижесінде полиция қызметкерлері өз үйінде тұтас қару арсеналын сақтаған 32 жастағы Өскеменнің тұрғынын ұстады, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Үйінде тінтіп тексеру барысында полицейлер "МР-79-8" үлгісіндегі газ тапаншасынан қайта жасалған тапаншаны, "WALTHERP" маркалы газ тапаншасын,"МР-654К" үлгісіндегі пневматикалық өздігінен оқталатын көп оқтаулы газ баллонды тапаншаны және "СПШ 44" үлгісіндегі сигналдық тапаншаны, сондай-ақ оларға 150-ден астам патронды тауып, тәркіледі. Бұл патрондар зауыттық тәсілмен дайындалған және оқ атуға жарамды, - деп хабарлады ШҚО ЖКО.
ҚР ҚК-ның 287-бабы 3-бөлігі "қаруды, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттар мен жарылғыш құрылғыларды заңсыз сатып алу, беру, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.