Ақсуат және Быструха ауылдарындағы су тарифтерінің өсуі халыққа әсер етпейді
Коммуналдық кәсіпорындар ұсынған өтінімдер табиғи монополиялар туралы заңнаманың талаптарына және тарифтерді қалыптастыру қағидаларына сәйкес қаралды
Мамыр айында "Ақсуат" МКК және "Быструшинское коммуналдық шаруашылық" ЖШС ШҚО бойынша Табиғи монополияларды реттеу департаментіне сумен жабдықтау қызметтеріне жаңа тарифтерді бекіту үшін жүгінді, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Ұсынылған материалдарды талдау қорытындысы бойынша ШҚО бойынша ТМРД "Ақсуат" МКК және "Быструшинское коммуналдық шаруашылық" ЖШС тарифтерін халық үшін өсімсіз сумен жабдықтау қызметтерін оңайлатылған тәртіппен бекітті. Тариф 2022 жылдың 1 маусымынан бастап күшіне енеді.