Жүргізуші куәілігі жоқ әрі мас жүргізуші ірі жол апатына себепкер болды
Бүгін таңертең Өскеменде Крылов көшесі, 86 үйдің ауласында бірден төрт жеңіл көлік соқтығысты
Куәгердің видеосы Instagram-дағы қалалық пабликтерде таңертең пайда болды, ер адам жеңіл көліктің жүргізушісі "масаң жағдайда" деп сілтеме жасағанын түсіндірді, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, жол-көлік оқиғасы 23 мамырда сағат 7.40 шамасында болған.
Тойота маркалы автокөлігінің30 жастағы жүргізушістізгінге ие бола алмай Крылов көшесінде Лексус маркалы автокөлікпен соқтығысқан, - деп хабарлады басқармадан. - Әрі қарай Лексустың жүргізушісі тұраққа қойылған Фольцвагенге, кейін соңғысы жақын маңдағы Маздаға соғылған.
Апат салдарынан зардап шеккендер жоқ, бірақ материалдық шығын келтірілген. Тойота жүргізушісіне қатысты "ҚР ӘҚБтК" 608-бабы 6-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.
Көлік құралын мас күйінде басқарғаны үшін басқаруға құқығы жоқ жүргізуші жиырма тәулікке әкімшілік қамауға алынуы мүмкін.