Өскемен
пасмурно
-10°
  • Өскемен
    -10°
  • Алматы
    -2°
  • Астана
    -6°
  • Ақтөбе
    -2°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +3°
  • Қарағанды
    -8°
  • Көкшетау
    -6°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -9°
  • Петропавловск
    -8°
  • Тараз
    +1°
  • Туркестан
    +2°
  • Шымкент
    +5°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскеменде «Музейдегі түн» кеші өтті

"Музей түні" халықаралық акциясы аясында Шығыс Қазақстан өнер музейінде "Музейдің жұлдызды кешін" өткізді

Усть-Каменогорск и ВКО / Өскеменде «Музейдегі түн» кеші өтті

"Жұлдызды кеш" бағдарламасында музейдің АРТ-залында қаланың мәдени мекемелерінің мамандары, Өскемен қаласының суретшілері және БАҚ өкілдері үшін көрмені ұйымдастырушылар қазіргі уақытта Қазақстанның ең сұранысқа ие суретшілерінің бірі А.Н.Қазғұловпен баспасөз конференциясын өтті. 

Кейін музейдің Ақ залында отандық бейнелеу өнерінің «аспанында» нағыз жұлдыз жарқырады. Алғаш рет қаламызда Қазақстанның танымал суретшісі Алпысбай Қазғұловтың ауқымды (27 туынды) көрмесі көрсетілді. Ол - ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстан Суретшілер Одағының басқарма мүшесі, Алматыда тұрады және жұмыс істейді. Суретшінің оның туындылары әлемнің көптеген елдерінде, соның ішінде: Бельгияда, Қытайда, Түркияда, Ұлыбританияда, Ресейде, Жапонияда, Нидерландыда көрмелерде қойылған. Қазғұлов кескіндемелерінде қазақ тарихы мен дәстүрлерін авангардтық, экспрессивті түстер экстравагантында ұсынады. Оның картиналарындағы алаулаған от заманның зымыраған бейнесін көрсететіндіктен экспозиция "Уақыт сәулесі" деп аталды. 

Вернисаж аяқталғаннан кейін музей залдарында өнердің барлық саласын қамтыған ең жас өкілдер қатыса алатын іс-шаралар өтті. Осы кеште бағы жанған жұлдыздар музейдің арнайы сыйлықтарымен марапатталады. Фотозонадағы шағын зал кеңістігінде біздің байқауларымыздың әрбір жеңімпазы үшін "Даңқ минуты" дайындалды. 

Ақ залда музейге келушілер "Жұлдызды подиумды" көрді, онда Өскемен қызмет көрсету саласы колледжінің студенттері өздерінің авторлық киім үлгілерін ұсынып, музей қонақтары "Креативті жұлдыз" дизайнерлер байқауына қатыса алды, онда киім үлгілері кәдеге жарайтын немесе қолда бар материалдардан жасалды. Мұндай "өнердің", "трэш-арт","джанк-арт","реди-мейд" сияқты көптеген атаулары бар. Музейдің Бағаналы залында аквагрим бойынша шеберлік сабақтары өтті. 

Дәстүрлі бағыттағы жас суретшілер үшін музейдің үлкен залында адам фигурасы мен "Жұлдызды түн" пейзажын эскиздеу бойынша байқау-батлдар өткізілді. 

ШҚ өнер музейінің тұрақты келушілері сүйіп тыңдайтын нағыз жұлдызды музыканттар ұжымы- Александр Манамстың басшылығымен Бард рок клубы "Жұлдызды кеш" бағдарламасын аяқталды.

Следующая →