Өскемен
ясно
+17°
  • Өскемен
    +17°
  • Алматы
    +19°
  • Астана
    +20°
  • Ақтөбе
    +24°
  • Актау
    +19°
  • Орал
    +24°
  • Қарағанды
    +19°
  • Көкшетау
    +19°
  • Қостанай
    +21°
  • Қызылорда
    +28°
  • Павлодар
    +14°
  • Петропавловск
    +16°
  • Тараз
    +19°
  • Туркестан
    +21°
  • Шымкент
    +21°
$
446.49
-0.91
475.38
-2.17
¥
61.66
-0.15
4.79
+0.03
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

"Аяулы жас келін" облыстық байқауы өтті

Шығыс Қазақстан облысында "Аяулы жас келін" байқауы осымен тағызыншы жыл өткізілді

Усть-Каменогорск и ВКО / "Аяулы жас келін" облыстық байқауы өтті

Байқаудың мақсаты - ұлтымыздың салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын олардың бойына сіңіріп өсіру, халқымыздың тарихы мен мәдениетін құрметтеу, салт-дәстүріміз бен әдет-ғұрпымызды кеңінен насихаттау, қазақ келініне тән әдемілік, әдептілік, ізеттілік және ісмерлік пен тапқырлықты дәріптеу.

Биылғы бауқаудың ерекшелігі - өзге ұлт өкілдерінің жас келіндері қатысып жатыр. Орыс, украин, татар ұлтының, шешен халқының келіндері біздің қазақ келіндерімен қатар тұрып бақ сынасуда, ұмыт болған дәстүрлерімізді жаңғыртуда, - дейді қазылар алқасының төрайымы Арайлым Есімбекова.

Облысымыздың 16 өңірінен келген келіндер ұлттық дәстүр мен тарих, тәрбие мен құндылықтар бойынша білімдерін, аспаздық шеберліктері мен бойларына жинаған өнерлерін көрсету арқылы жарысты.

Жарыстың бірінші кезеңі Абай атындағы мәдениет үйінің алдында өтті. Мұнда келіндер самаурын қайнатып, қазанға бауырсақ пісіріп, құрылған киіз үйлердің ішінде ұлттық тағамдардан мол дас-тархан жайып жарысты.

Екінші кезеңде келіндер өздерін таныстырып, салт-дәстүр мен әдет-ғұрып, Қазақстанның тарихы туралы сұрақтарға жауап беріп, білімдерін көрсетті. Сонымен қатар, мың бұрала би билеп, ән шырқап, скрипкада, ұлттық аспаптарда күмбірлете күй шертіп, садақ атып өз өнерлерін көрсетті.

Байқау қортындысы бойынша Абай ауданынан келген Айдана Байтусова бас жүлдені қанжығасына байлады. Глубокое ауданының келіні Ажар Төлеуқанова жүлделі екінші орынды, Өскемен қаласының келіні Анжелика Шабданбекова үшінші орынды иеленді.

Айта кету керек, өскемендік Анжелика Шабданбекова интернационалды отбасында дүниеге келді. Әкесі орыс, анасы украин болса, өзі қазақ отбасының келіні. Анжелика жаңа отбасына келген кезде қазақтың салты мен дәстүрін ақ орамалын таққан күннен қабылдап, тастай батып, судай сіңісе білген екен.


Следующая →