Өскемен
малооблачно
-13°
  • Өскемен
    -13°
  • Алматы
    +2°
  • Астана
    -6°
  • Ақтөбе
    -2°
  • Актау
    +8°
  • Орал
    +1°
  • Қарағанды
    -3°
  • Көкшетау
    -9°
  • Қостанай
    -7°
  • Қызылорда
    +2°
  • Павлодар
    -11°
  • Петропавловск
    -9°
  • Тараз
    -3°
  • Туркестан
    +1°
  • Шымкент
    +3°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Кәмелетке толған балаға сақтандыру мәртебесін сақтап қалу үшін не қажет?

"Сүйікті бала" арнайы жобасы шеңберінде Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры балаларға медициналық көмекті қаржыландыру туралы хабарлауды жалғастыруда

Усть-Каменогорск и ВКО / Кәмелетке толған балаға сақтандыру мәртебесін сақтап қалу үшін не қажет?

Балалардың мектепті аяқтауы, сондай-ақ олардың жоғары оқу орындарына түсуі қарсаңында өз балаларының мәртебесін сақтау бойынша оқырман ойындағы ең өзекті мәселелерге «ӘМСҚ» КеАҚ ШҚО бойынша филиалының директоры Ғалымжан Әбілов жауап берді.

Мектепте оқып жүрген оқушы 18 жасқа толып қойса, ол МӘМС жеңілдікті санатында қала ма?

ҚР ДСМ 2020 жылғы 29 желтоқсандағы «Медициналық қызметтерді тұтынушыларды есепке алуды жүргізу және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмек алуға құқық беру қағидаларын бекіту туралы» (оның ішінде орта мектептер мен НЗМ-нің 11-сынып оқушылары да) бұйрығымен бекітілген «орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары білім беру, сондай-ақ жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында күндізгі оқу нысанында білім алатын адамдар» санатына жататын кәмелетке толған балалар жеңілдік санатына жатады. Бұл үшін Сіздің деректеріңізді оқу мекемесі «Ұлттық білім беру деректер базасы» АЖ-ге енгізуі тиіс.


«Ұлттық білім беру деректер қоры» АЖ-ге деректерді енгізуге кім жауапты?


ҚР ДСМ 2020 жылғы 29 желтоқсандағы «медициналық қызметтерді тұтынушыларды есепке алуды жүргізу және оларға медициналық қызмет алуға құқық беру қағидаларын бекіту туралы» бұйрығымен бекітілген «орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары білім беру, сондай-ақ жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында күндізгі оқу нысанында білім алатын адамдар» санатына жататын тұтынушыларды есепке алуды жүргізу тәртібінің 47 т. 14 параграфы тізім «міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне көмек көрсету ұйымдарда, оның ішінде шетелдік, орта білім беру ұйымдарында күндізгі оқу нысанында оқитын адамдар, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру, жоғары білім беру, сондай - ақ жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ҚР БҒМ АЖ – «Ұлттық білім беру дерек қоры» АЖ-дан алынған ЕХӘҚ АЖ деректерінің негізінде қалыптастырылады. «Ұлттық білім беру деректер қоры» АЖ-не енгізілген деректердің дұрыстылығы үшін оқу мекемелері жауапты болады


Егер студент немесе оқушы мәртебесі «Сақтандырылмаған» болып шықса не істеу керек? ЖОО-да оқыған кезең үшін берешекті жоюға бола ма?

Сіз уақытша мәртебе алу үшін «Qoldau 24/7» мобильді қосымшасы арқылы (қосымшаны App Store және Play Market-тен жүктеуге болады) өтініш бере аласыз, оның көмегімен растайтын құжаттарды (ЖОО/мектеп анықтамасы, жеке куәлік) жібере аласыз. Расталған жағдайда, Сізге 1 айға уақытша сақтандырылу мәртебесі беріледі және қосымша арқылы мәртебенің өзгеруі туралы пуш - хабарлама жіберіледі. Уақытша мәртебе тек бір рет және тек 1 айға беріледі.

Егер Сізде ЖОО-да оқыған кезең үшін қарызыңыз болса, Сізге құжаттың көшірмесін, жеке куәлікті және хабарландыруды медициналық сақтандыру қоры Басқарма Төрағасының атына kanc@fms.kz электрондық мекенжайға жіберу қажет. Деректер расталған жағдайда Сіздің қарызыңыз жойылады.

Жоғары оқу орнына түскенге дейін мектепті бітірген кәмелетке толған балаға сақтандыру мәртебесін сақтап қалу үшін не қажет?


Сақтандыру мәртебесін сақтау үшін, МӘМС жүйесіне оны Студенттер қатарына қабылдау туралы бұйрық шыққанға дейін дербес төлеуші ретінде қатысуы қажет. 2022 қаржы жылына дербес төлеуші ретінде МӘМС-ке жарна мөлшері - 3000 теңгені құрады


18 жасқа дейінгі балалар үшін міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жарналарын төлеу қажет пе?

Жоқ, 18 жасқа дейінгі балалар жеңілдік санатына жатады, олар үшін МӘМС үшін аударымдарды мемлекет енгізеді. Сондықтан медициналық сақтандыру пакетіндегі медициналық көмек балаларға толық көлемде қолжетімді.


18 жасқа дейінгі балалар МӘМС жүйесінде қандай медициналық көмекке қол жеткізе алады?


Балалар мемлекет жарна төлейтін 15 жеңілдік санатының біріне жатады, осы санаттағы адамдардың медициналық көрсеткіштер бойынша учаскелік педиатрдың жолдамасы бойынша ТМККК және МӘМС шеңберінде кез келген медициналық көмекке құқығы бар.

Следующая →