Өскемен
пасмурно
-6°
  • Өскемен
    -6°
  • Алматы
    +3°
  • Астана
    -10°
  • Ақтөбе
    -3°
  • Актау
    +8°
  • Орал
    +3°
  • Қарағанды
    -7°
  • Көкшетау
    -16°
  • Қостанай
    -9°
  • Қызылорда
    +1°
  • Павлодар
    -20°
  • Петропавловск
    -23°
  • Тараз
    +4°
  • Туркестан
    +3°
  • Шымкент
    +6°
$
488.53
-6.31
531.91
-5.49
¥
67.54
-0.88
5.68
+0.10
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

ШҚО бас фтизиопедиатры: БЦЖ екпесі – әлемдегі жалғыз туберкулезге қарсы тиімді вакцина

Облыстың бас штаттан тыс фтизиопедиатры Светлана Моисеенко туберкулез ауруына қарсы екпенің маңыздылығын еске салады

Усть-Каменогорск и ВКО / ШҚО бас фтизиопедиатры: БЦЖ екпесі – әлемдегі жалғыз туберкулезге қарсы тиімді вакцина

Балалық шақ - адам өмірінің аса маңызды кезеңі. Бұл уақытта болашақтың, саулық пен салауаттың негізі қаланады. Елімізде 18 жасқа дейінгі балалардың денсаулығына аса маңызды көңіл бөлінеді - қажетті скринингтік зерттеулер мен профилактикалық іс-шаралар медициналық көмектің бұлтартпас бөлшегі.

imgonline-com-ua-Resize-Nzx3WOjyn2j.jpg  

БЦЖ екпесі балалар үшін міндетті вакциналардың бірі болып табылады, оны алғаш рет сәби жасында - перзентханада, дүниеге келген соң 3-4 күні жасайды. Ол туралы көптеген мифтер, әртүрлі өрілген және қорқынышты зардаптар мен асқынулар туралы әңгімелер тараған. Оларды тыңдай отырып, көптеген ата-аналар өздеріне жауапкершілік алады және осы вакцинациядан бас тартады. Олардың бірінші міндеті - дәрігерлерден БЦЖ туралы егжей-тегжейлі білулері қажет, өтйкені бұның арғы жағында ең бастысы бала денсаулығы тұр, - деді бас фтизипедиатр.


Маманның айтуынша, БЦЖ деген шет тілінен аударғанда BCG – Bacillus Calmette бациласы дегенді білдіреді. Бұл туберкулезге қарсы вакцина, ол тірі, бірақ әлсіретілген сиырдың туберкулезді таяқшасынан жасалады. Оның негізгі мақсаты – туберкулез таяқшасына қарсы бала ағзасының қарсылығын жоғарылату.

Қазіргі уақытта осы екпенің көмегімен әртүрлі 28 аурулардың алдын алып отыр. Көптеген балалар екпенің арқасында қайғы-қасіреттен қорғалып отыр. Олардың ішінде аурудың аса ауыр түрлері – туберкулезді менингит, буын мен суйектердің зақымдануы мен өкпенің зақымдануының қауіпті түрлерін дамуын алдын алады; балалар арасындағы аурушандылықтың төмендеуіне ықпал етіп отыр. Әрбір бала екпе алып, мықты денсаулықпен өмір сүруге құқылы. Сондықтан дұрыс таңдау жасаңыздар! - деп атап өтті Светлана Моисеенко.


Анықтама үшін: 2022 жылдың 4 айы ішінде облыста балалар мен жасөспірімдер арасында туберкулезге шалдыққан алты жағдай анықталып, оның ішінде үш жағдай профилактикалық тексерулер кезінде анықталды.

Следующая →