Өскемен
ясно
+6°
  • Өскемен
    +6°
  • Алматы
    +17°
  • Астана
    +4°
  • Ақтөбе
    +4°
  • Актау
    +9°
  • Орал
    +6°
  • Қарағанды
    +5°
  • Көкшетау
    +5°
  • Қостанай
    +5°
  • Қызылорда
    +14°
  • Павлодар
    +6°
  • Петропавловск
    +3°
  • Тараз
    +15°
  • Туркестан
    +2°
  • Шымкент
    +17°
$
449.58
-0.49
486.94
-1.57
¥
62.22
-0.13
4.86
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Әскери қызметшілердің балалары арасында мини-футболдан жарыс өтті

Аягөз гарнизонында әскери қызметшілердің балалары арасында мини-футболдан жарыс өтті

Усть-Каменогорск и ВКО / Әскери қызметшілердің балалары арасында мини-футболдан жарыс өтті
Фото:
Аягөз гарнизонының баспасөз қызметі ұсынды

Спорттық шара балалар жылына орай ұйымдастырылып отыр, деп хабарлайды Аягөз гарнизонының баспасөз қызметі.

Турнирдің мақсаты жасөспірімдерге салауатты өмір салтын насихаттау, балаларды спортпен айналысуға ынталандыру. Сонымен бірге әскери қызметшілердің балалары арасында татулық пен бірлікті нығайту болып табылады.

14 команда қатысқан ойындар өте тартысты өтті. Турнир қорытындысында танкистер құрамасы мотоатқыштар батальоны әскери қызметшілерінің балалары жеңіс тұғырынан көрінді. ІІ орынды инженерлік-саперлар батальоны әскери қызметшілерінің балаларынан құралған команда иеленді. Ал жүлделі ІІІ орынды танкистер құрамасы басқарма офицерлерінің балалары қанағат тұтты.

Теңбіл доп бәсекесінде қарсыластың қақпасынан сан мәрте саңылау таба білген сұр мерген Асылбек Тұрысбеков «Үздік шабуылшы» атанды. Асан Берікұлы «Үздік қақпашы», Нұрахмет Тілеухан «Үздік қорғаушы» номинацияларын жеңіп алды.

Шара соңында Аягөз гарнизонының бастығы подполковник Дәулет Сүттібаев теңбіл доп сайысына қатысқан балалардың бәріне алғысын айтып, ризашылығын жеткізді. Жүлделі орын алған командалар медальдармен және мақтау қағаздарымен марапатталды.

Следующая →