Өскемен
пасмурно
-6°
  • Өскемен
    -6°
  • Алматы
    -5°
  • Астана
    -7°
  • Ақтөбе
    -5°
  • Актау
    +5°
  • Орал
    +1°
  • Қарағанды
    -8°
  • Көкшетау
    -9°
  • Қостанай
    -6°
  • Қызылорда
    -4°
  • Павлодар
    -7°
  • Петропавловск
    -9°
  • Тараз
    -4°
  • Туркестан
    -6°
  • Шымкент
    -3°
$
521.81
543.67
¥
71.49
5.05
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Қазақстандық оқушылар халықаралық олимпиададан 8 медаль жеңіп алды

Химия пәнінен халықаралық Менделеев олимпиадасы өтті

Усть-Каменогорск и ВКО / Қазақстандық оқушылар халықаралық олимпиададан 8 медаль жеңіп алды
Фото:
ШҚО Білім басқармасынан

Қазақстан қоржыны тағы да халықаралық олимпиада жүлделерімен толықты. Химиядан 56-шы Халықаралық Менделеев олимпиадасында қазақстандық оқушылар 3 күміс, 5 қола медаль жеңіп алды. Зияткерлік сайыстар 9-16 мамыр аралығында Ташкентте (Өзбекстан) офлайн форматта өтті. Қазақстан құрамасы атынан Қарағанды, Ақтау, Нұр-Сұлтан, Өскемен, Павлодар және Ақтөбе облыстарынан 10 және 11-сыныптардың 12 оқушысы қатысты. Олар ТМД, Балтық және Оңтүстік-Шығыс Еуропа елдерінің құрдастарымен білім сайысында бақ сынасты.

Соның ішінде Өскемен қаласындағы Шығыс Қазақстан облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ лицейінен 10-шы сынып оқушысы Мамырбеков Бекболат жүзден жүйрік болып, ІІІ- ші дәрежелі дипломмен марапатталып, қола медаль иегері атанды.

Білім және ғылым министрлігі оқушыларымызға басқа елдердегі құрдастарымен бәсекелесуге мүмкіндігін арттыру үшін барлық жағдайды жасап жатыр. Күні кеше балаларымыз алғаш рет Франциядағы Дүниежүзілік гимназиадаға аттанғанын білесіздер. Өзбекстанда өткен Менделеев олимпиадасының жүлдегерлері қабылдау емтихандарын тапсырмай-ақ Ресейдің жетекші жоғары оқу орындарында тегін оқуға мүмкіндік алады. Қазақстан құрамасын ел ішіндегі олимпиадалардың «елегінен» өткен оқушылар таныстырды. Ташкентке 2022 жылғы республикалық олимпиаданың жеңімпаздары мен жүлдегерлері барды. Сондай-ақ олар бірнеше рет оқу-жаттығу жиындарында ең жоғары нәтиже көрсеткен олимпиадалық резервтің мүшелері. Айта кетейік, биыл біз команданы үздіктерді үздігі таныстыруы үшін барлық деңгейдегі олимпиаданы өткізу процесін автоматтандырдық, - деп айтты «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының директоры Тимур Нұркешев.

Айта кетейік, химия пәні бойынша оқушылардың Халықаралық Менделеев олимпиадасы жыл сайын жүздеген талантты химиктердің басын қосады.

Следующая →