Балық аулауға тыйым салынған шығанақ тексерілді
Бұқтырма су қоймасының жыл бойы балық аулауға тыйым салынған «Торанғы» шығанағының су денгейініне өлшенді
"Зайсан-Ертіс облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы" РММ-сі судың тартылу қаупі бар және балықтардың қырылу қаупі бар су айдындарын бақылап үнемі мониторинг жүргізіп отыр, деп хабарлайды Устинка Live тілшісі.
Балықтардың жаппай қырылуына жол бермеу және оның алдын алу шаралары бойынша Зайсан-Ертіс облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясының инспекторы, ЖШС «ҒӨО БШ» Алтай филиалының кызметкері, Күршім балық инспекциясының инспекторлары, ШҚО орман және аңшылық шаруашылығы жедел қимыл отрядының инспекторлары, Күршім аудандық полиция бөлімінің табиғатты қорғау бөлмішесі бірлесіп, Бұқтырма су қоймасының жыл бойы балық аулауға тыйым салынған «Торанғы» шығанағының су денгейініне өлшеулер жүргізді.
Өлшеулер жүргізу барысында, бүкіл жағалау сызығы мен шеткері аумақта Тораңғы шығанағында су деңгейінің көтерілуі анықталды, Бұқтырма су қоймасынан «Торанғы» шығанағына су еркін құйылып тұрғандығы байқалды, шығанақтың тереңдігі 40-60 см құрады, - деп хабарлайды Зайсан-Ертіс облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясының мамандары.
Бұқтырма су қоймасының «Торанғы» шығанағында су деңгейін өлшеу жұмыстары жалғасып, үнемі бақылауда болады.