Восточный кентінің 10 мың тұрғыны орталық су құбырына қол жеткізе алады
Ағымдағы жылы Семей қаласының әкімшілік аумағына кіретін елді мекеннің сумен жабдықтау желілерін қайта жаңарту басталды
Жоба бойынша қолданыстағы су құбыры желілерін ауыстыру және жаңаларын салу көзделген, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Жұмыстарды "SemARTAstroy" ЖШС мердігерлік ұйымы жүргізуде. Сумен жабдықтау желілерін қайта жаңартуды 2023 жылы аяқтау жоспарланып отыр. Олардың ұзындығы 34,8 шақырым. Сондай-ақ, орталық сумен жабдықтауға кентте салынып жатқан 1200 орындық мектеп қосылады.
Нәтижесінде сапалы ауыз сумен 10 мыңнан астам адам қамтамасыз етілетін болады.