Өскемен
малооблачно
+8°
  • Өскемен
    +8°
  • Алматы
    +17°
  • Астана
    +10°
  • Ақтөбе
    +11°
  • Актау
    +15°
  • Орал
    +11°
  • Қарағанды
    +9°
  • Көкшетау
    +6°
  • Қостанай
    +8°
  • Қызылорда
    +22°
  • Павлодар
    +8°
  • Петропавловск
    +6°
  • Тараз
    +16°
  • Туркестан
    +10°
  • Шымкент
    +17°
$
441.58
+0.17
480
+2.22
¥
61.19
+0.07
4.86
+0.02
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Ертістің ластануына әкеп соққан теміржол апаты бойынша қылмыстық іс қозғалды

"ҚТЖ-Жүк тасымалы" ЖШС филиалы - "БП Семей бөлімшесі" бір ай мерзімде ШҚО экология Департаментімен ремедиация бағдарламасын әзірлеп, келісуі тиіс

Усть-Каменогорск и ВКО / По факту ж/д аварии, повлекшей загрязнение Иртыша, возбуждено уголовное дело
Фото:
Устинка LIVE

Естеріңізге сала кетейік, 3 сәуірде сағат 12.04 –те Өскемен - Күмістау учаскесінің теміржол көпірінде ("Таусамалы-Күмістау" аралығының 75 км-де) № 3153 пойыздың жүруі кезінде 18 вагонның алты вагоны Ертіс өзеніне аударылып, жалпы салмағы 133 тонна мыс-мырыш кені бар екі вагон және мыс балқыту өндірісінің үйінді шлагы құйылған 272 тонналы төрт вагон апатқа ұшырады, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі. 

4 мамырда ШҚО экология департаменті "ҚТЖ-Жүк тасымалы" ЖШС филиалына қатысты жоспардан тыс тексеруді аяқтады. 

Ертіс өзенінің ластану фактісі бойынша ШҚО көлік прокуратурасының талабы негізінде жүргізілген "Семей БП бөлімшесі". Апат себептерін тексеру үшін ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің бұйрығымен жоғары білікті мамандардан тұратын комиссия құрылды, - деп атап өтті ШҚО Экология департаментінде. - Алайда, темір жолдар мен вагондардың жоғарғы құрылыстарын комиссиялық тексеру кезінде олардың техникалық күтімінде ауытқулар анықталған жоқ. Бұл ретте, Вагондардың техникалық параметрлерін өлшеу тасымалдаушыда оларды Ертіс өзенінен 16,7 м тереңдіктен көтеру үшін техникалық құралдардың болмауы себебінен жүргізілген жоқ. 

 ҚР ІІМ көліктегі полиция департаментінің "Өскемен-1" станциясындағы желілік полиция бөлімі Ертіс өзенінің ластануына әкеп соққан теміржол апаты фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады. Тиісінше, темір жол құрамының күйреуіне, сондай - ақ Ертіс өзенінің ластануына кінәлі тұлғалардың жауапкершілігі жедел-тергеу іс-шараларын аяқтау нәтижелері бойынша қаралатын болады.

Фото:
Устинка LIVE
Следующая →