Семей тұрғыны жарты миллион теңгеге алданып қалды
Анықталғандай, 20 жастағы қыз он миллион теңгеге несие рәсімдегісі келген, алайда қаскүнем оның қаражатын тартып алған
Сәуір айының басында Семей қаласының жергілікті полиция бөліміне бойжеткен қыздан арыз келіп түсті, ол он миллион сомасында несие алуға тырысқан кезде алаяқтықтың құрбаны болғанын айтты, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Жәбірленушінің айтуынша, бейтаныс әйел 10 000 000 теңге сомасындағы несиені ресімдеу сылтауымен оның 550 000 теңге көлеміндегі қаражатын иемденген, - деп хабарлады ШҚО ПД.
Полицейлер қылмыс жасаған күдіктіні ұстады. Ол жұмыссыз 37 жастағы жергілікті тұрғын болып шықты.
Қаскүнем ұрланған қаражатты өз қажеттіліктеріне жұмсап тастағанын түсіндіріп, мойындады. ҚР ҚК 190-бабы 1-бөлігі "Алаяқтық" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Құқық бұзушы екі жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.