Ұлан ауданында алтын қазушы ұсталды
Бозанбай ауылдық округіндегі жоспарлы профилактикалық іс-шаралар барысында "Айыркезең" учаскесінде жүк тиегіште пайдалы қазбаларды заңсыз барлау және өндіру жұмыстарын жүргізген азамат ұсталды
3 мамыр күні Бозанбай ауылдық округіндегі жүк тиегіш көлікті пайдалана отырып, алтын іздеген К. азаматы ұсталды, деп хабарлайды Устинка Live тілшісі.
Жүк тиегіш айып тұрағына қамалды, жүк тиегіш жүргізушіге қатысты ҚР АК 463-бабы бойынша іс қозғалды және оған сот шешімі негізінде мүлкі тәркіленіп айыппұл салынуы мүмкін. Естеріңізге сала кетейін, өткен жылы Күршім ауданында алтынды заңсыз өндіру туралы іс үлкен резонанс тудырды және Ел Президенті Қ.Қ. Тоқаев мұндай заңсыз қызметке тыйым салу туралы жеке өзі өкім етті, - деп жазды Ұлан ауданының әкімі Ренат Курмамбаев өзінің instagram парақшасында.
Жергілікті билік өкілі алдағы уақытта да заңнамалардың сақталуын қатаң қадағалайтын болады. Сондай-ақ барлық аудан тұрғындарынан қажетті қырағылық танытуды және байқалған фактілер туралы аудандық полиция бөліміне хабарлау сұралады.