Өскемендік полицейлер мотоциклистерді қолға алды
25 сәуір мен 1 мамыр аралығында қала аумағында "Мотоцикл" жедел алдын алу іс-шарасы өтті

Өскемен қаласы ПБ патрульдік полиция батальонының инспекторлары бес күн бойы мототехниканың қатысуымен ЖКО алдын алуға, мотокөлік жүргізушілерінің қоғамдық тәртіпті бұзуын анықтауға және жол қозғалысы қауіпсіздігі нормаларын сақтауға бағытталған іс-шаралар кешенін өткізді, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Жедел алдын алу іс-шарасы барысында полиция қызметкерлері 55 мотоцикл мен мопедті тексерді, жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін 26 мотожүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Мамандандырылған тұраққа бір мото көлік жіберілді, кәмелетке толмаған баланың басқаруындағы мототехниканы пайдалану фактісі анықталды. Онымен профилактикалық әңгіме жүргізілді. Оның ата-анасы да әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Жасөспірімдермен, студенттермен және олардың ата-аналарымен профилактикалық әңгімелесуге ерекше назар аударылды. Осы бағыт бойынша жұмыс жалғасуда, - деп түсіндірді Өскемен қ. КБ бастығы Андрей Мула