Өскеменде әйелі мен ері киім ұрлаған
102 арнасына хабарласқан қала тұрғыны Қабанбай батыр бойында орналасқан сауда үйінен ері мен әйелі спорттық киім мен жейде ұрлап кеткенін мәлімдеген
29 сәуір сағат 18.15 шамасында "102" канлаына С. есімді азамат хабарласып, 28 сәуір сағат 18.44 кезінде Өскемен қаласындағы Қабанбай көшесінде орналасқан "Арзан" сауда үйінен белгісіз біреулер жасырын түрде спорттық киімдер мен 2 бірдей жейдені ұрлап кеткенін айтып шағымданады.
Сауда үйінің әкімшілігі ұрлықты бейнебақылау жазбасына мониторинг жүргізу барысында анықтаған. Ұлттық ұланның 5518 әскери бөлімінің сақшылары бірден ұрыларды іздеуге кіріседі.
Белгіленген аумақты тінту барысында күдікті азамат сауда үйіне қайта оралып, ұрлығын қайталамақшы болған жерінен кіші сержант Азат Ульянов бастаған әскери жасақ бірден қолға түсіреді. Артынша екінші К. есімді ұрлыққа қатысы бар деген күдікті әйел ұсталды. Тексеріс барысында екеуі некеде тұрғандығы анықталды, - деп хабарлады "Шығыс" өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі бастығы Бағдат Амангелді. - Мәселенің мән-жайын анықтау үшін ұсталған азаматтар Ертіс полиция бөліміне жеткізілді. Аталған дерек бойынша ҚР ҚК 188(Ұрлық) бабының 1 бөлімі бойынша қылмыстық іс қозғалды.