Қазақстандағы үздік онкологты анықтамақ
Қазақстан Республикасының әртүрлі мекемелері мен мамандандырылған ұйымдарының жас маман – онкологтары мен радиологтары (35 жасқа дейінгілерді қоса алғанда) арасында "Қазақстан Республикасының онкология саласындағы үздік жас ғылыми қызметкері" байқауы жарияланады
Байқау нәтижелері бойынша жеңімпаздарға ақшалай жүлделер табысталатын болады: 1-орын 1 000 000 теңге, 2-орын 500 000 теңге, 3-орын 300 000 теңге.
Байқауды өткізудің және сыйлық берудің негізгі міндеттері:
- Қоғам алдында онколог пен радиологтың рөлін насихаттау;
- Онкология және радиология саласындағы Қазақстанның жас ғылыми қызметкерлерінің маңызды жобалары мен жетістіктері туралы жұртшылықты хабардар ету;
- Қазақстан Республикасының онкологиялық және радиологиялық қоғамдастығының жас ғылыми қызметкерлерінің өзара іс-қимылы, қарым-қатынасы және тәжірибе алмасуы үшін, сондай-ақ ғылыми және практикалық қызметі үшін қолайлы жағдайлар жасау және қолдау;
- Қазақстан Республикасының онкологиялық қызметін дамытуға қосқан үлесі үшін онкология және радиология саласындағы жас ғылыми мамандарға сыйақы беру.
Байқауға қатысу материалдары "Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институты" АҚ ақпараттық жүйесі арқылы 2022 жылдың 5 сәуірінен бастап кезең-кезеңімен қабылданатын болады.
Өтініш алдын ала тіркеуден өткеннен кейін (https://onco.kz/) сайтта беріледі. Тіркеуге арналған сілтеме: https://forms.gle/xQehwMuVVyvgkn6x5
Байқау нәтижелері медицина қызметкерлері күніне арналған іс-шарада ұсынылып, сондай-ақ "Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институты" АҚ интернет-ресурстарында орналастырылатын болады.
"Қазақстан Республикасының үздік жас ғылыми қызметкері" байқауын ұйымдастырушылардың байланыс деректері:
- Ұлмекен Талғатқызы Қалыбай, тел. 8 708 106 05 08, 8 707 318 00 11 (Whatsapp)
- Татьяна Георгиевна Гончарова (ҚазОжРҒЗИ ғылыми хатшысы), тел. 8 705 207 12 14 (Whatsapp)