Өскемен
пасмурно
+11°
  • Өскемен
    +11°
  • Алматы
    +10°
  • Астана
    +3°
  • Ақтөбе
    -2°
  • Актау
    +7°
  • Орал
    +2°
  • Қарағанды
    +4°
  • Көкшетау
    +3°
  • Қостанай
    +1°
  • Қызылорда
    +9°
  • Павлодар
    +6°
  • Петропавловск
    +2°
  • Тараз
    +8°
  • Туркестан
    -3°
  • Шымкент
    +7°
$
448.15
-1.43
483.46
-3.48
¥
61.99
-0.23
4.86
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Қазақстандағы үздік онкологты анықтамақ

Қазақстан Республикасының әртүрлі мекемелері мен мамандандырылған ұйымдарының жас маман – онкологтары мен радиологтары (35 жасқа дейінгілерді қоса алғанда) арасында "Қазақстан Республикасының онкология саласындағы үздік жас ғылыми қызметкері" байқауы жарияланады

Усть-Каменогорск и ВКО / Қазақстандағы үздік онкологты анықтамақ

Байқау нәтижелері бойынша жеңімпаздарға ақшалай жүлделер табысталатын болады: 1-орын 1 000 000 теңге, 2-орын 500 000 теңге, 3-орын 300 000 теңге.

Байқауды өткізудің және сыйлық берудің негізгі міндеттері:

  1. Қоғам алдында онколог пен радиологтың рөлін насихаттау;
  2. Онкология және радиология саласындағы Қазақстанның жас ғылыми қызметкерлерінің маңызды жобалары мен жетістіктері туралы жұртшылықты хабардар ету;
  3. Қазақстан Республикасының онкологиялық және радиологиялық қоғамдастығының жас ғылыми қызметкерлерінің өзара іс-қимылы, қарым-қатынасы және тәжірибе алмасуы үшін, сондай-ақ ғылыми және практикалық қызметі үшін қолайлы жағдайлар жасау және қолдау;
  4. Қазақстан Республикасының онкологиялық қызметін дамытуға қосқан үлесі үшін онкология және радиология саласындағы жас ғылыми мамандарға сыйақы беру.


Байқауға қатысу материалдары "Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институты" АҚ ақпараттық жүйесі арқылы 2022 жылдың 5 сәуірінен бастап кезең-кезеңімен қабылданатын болады.

Өтініш алдын ала тіркеуден өткеннен кейін (https://onco.kz/) сайтта беріледі. Тіркеуге арналған сілтеме: https://forms.gle/xQehwMuVVyvgkn6x5

Байқау нәтижелері медицина қызметкерлері күніне арналған іс-шарада ұсынылып, сондай-ақ "Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институты" АҚ интернет-ресурстарында орналастырылатын болады.

"Қазақстан Республикасының үздік жас ғылыми қызметкері" байқауын ұйымдастырушылардың байланыс деректері:

  • Ұлмекен Талғатқызы Қалыбай, тел. 8 708 106 05 08, 8 707 318 00 11 (Whatsapp)
  • Татьяна Георгиевна Гончарова (ҚазОжРҒЗИ ғылыми хатшысы), тел. 8 705 207 12 14 (Whatsapp)

Следующая →