Өскемен
пасмурно
+7°
  • Өскемен
    +7°
  • Алматы
    +16°
  • Астана
    +2°
  • Ақтөбе
    +15°
  • Актау
    +17°
  • Орал
    +17°
  • Қарағанды
    +2°
  • Көкшетау
    +3°
  • Қостанай
    +7°
  • Қызылорда
    +15°
  • Павлодар
    +3°
  • Петропавловск
    +3°
  • Тараз
    +16°
  • Туркестан
    +12°
  • Шымкент
    +18°
$
448.41
+1.26
481.05
-4.69
¥
61.96
+0.13
4.79
-0.01
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

ШҚО-да «Таза су айдындары» табиғатты қорғау акциясы жүріп жатыр

Зайсан-Ертіс бассейнінде және жағалауында 2022 жылғы 15 сәуір-31 мамыр аралығында «Таза су айдындары» табиғат қорғау акциясы өтуде

Усть-Каменогорск и ВКО / ШҚО-да «Таза су айдындары» табиғатты қорғау акциясы  жүріп жатыр

«Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі Заңына сәйкес және Қазақстан Республикасы экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Балық шаруашылығы комитеті төрағасының 2022 жылғы 17 наурыздағы 30-9/38 бұйрығына сәйкес, балық ресурстарын және мекендейтін ортасын сақтау, табиғи өсімін молайтуға жағдайлар жасау, сондай -ақ балық шаруашылығы су айдындарына тасталған (иесіз) балық аулау құралдарынан тазарту мақсатында Зайсан-Ертіс бассейнінде және жағалауында 2022 жылғы 15 сәуір-31 мамыр аралығында «Таза су айдындары» табиғат қорғау акциясы өтуде. 

Табиғат қорғау акциясын өткізу барысында балық шаруашылығы су айдындарын тасталған (иесіз) балық аулау ауларынан тазарту мақсатында сүзу жұмыстары жүргізіліп, жағалау аумақтарын жинау ұйымдастырылуда. 

«Таза су айдындары» акциясын өткізуде инспекция қызметкерлерімен қатар жергілікті атқарушы орган өкілдері, еріктілер тартылуда. Сонымен қатар орта, орта-арнайы оқу орындарында қазіргі және болашақ ұрпақтың мүддесі үшін балық ресурстарын сақтау мақсатында табиғатты қорғау ациясын өткізудің маңыздылығын түсіндіру бойынша дәрістер ұйымдастырдық, - дейді Зайсан-Ертіс облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясының бас маманы Зарина Серикова. 

Акциясының басталғаннан бері 3 тонна тұрмыстық қалдықтар, 30 дана (3000 метр) (иесіз) балық аулау құралдары жиналды. Бұл жұмыстарға барлығы 50 адам белсенді ат салысты. 

«Зайсан-Ертіс облысаралық бассейіндік балық шаруашылығы инспекциясы тұрғындарды, валентерлерді «Таза су айдындары» табиғат қорғау акциясына атсалысып, су айдындарын, жағалауларды тазалау жұмыстарына қосылуға шақырады.

Следующая →