Өскемен
пасмурно
-4°
  • Өскемен
    -4°
  • Алматы
    +1°
  • Астана
    -7°
  • Ақтөбе
    -3°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +5°
  • Қарағанды
    -8°
  • Көкшетау
    -5°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -8°
  • Петропавловск
    -7°
  • Тараз
    +3°
  • Туркестан
    +5°
  • Шымкент
    +7°
$
498.34
+3.47
519.72
-0.93
¥
68.79
+0.45
4.85
-0.06
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскеменде мектеп оқушылар білім аукционында бақ сынасты

Бүгін О. Бөкей атындағы қалалық кітапханада «Ата тек – ұлттық негізіміз» айлығына орай мектеп оқушылары арасында "Жеті атаңды білу – парыз!" атты байқау өтті

Усть-Каменогорск и ВКО / Өскеменде мектеп оқушылар білім аукционында бақ сынасты
Фото:
О. Бөкей ат. кітапхана мұрағатынан

Қалалық мәдениет бөлімімен бірлесе ұйымдастырылған байқауға шаһардағы мектеп оқушылары қатысты. Білім аукционына 28 бала келді.

Дода барысында оқушылар жеті атасын жатқа айтып, өзара бақ сынады. Десе де, қатысушыларымыздың кейбірі жеті атасын жатқа айта алмағандығын жасырмаймыз. Осыған орай кітапханамыз балаларға қосымша білім беру негізінде алдағы уақытта шежірешілермен түрлі форматта семинарлар өткізуді жоспарлап отыр. Сонымен қатар, байқау жалғасын табатын болады, - дейді кітапхана директорының орынбасары Жанат Жиенбекова.

imgonline-com-ua-Resize-GdTiuGTENuK9T2l.jpg

Ұлт тазалығын қан тазалығынан бастаған бабаларымыздың жеті атаға дейін қыз алысып, беріспегені - тектілік.

Біз жастарға жеті ата мен шежіре туралы жиі түсіндіруіміз керек. Себебі қан тазалығы сау ұрпақ өсірудің кепілі. Бұл мәселе жалпы ұлттық дейгейде көтерілгенде ғана оң нәтиже береді деп ойлаймын. Ең бірінші ата-ана қадағалау керек, - дейді Жанат Мәуітқызы.

Следующая →