Тәртіп сақшылары ШҚО тұрғынынан бес килограмнан астам есірткі тәркіледі
Күдікті полиция бөліміне жеткізілді, жауап алу кезінде өз ісін мойындады
Наурыз айының соңында есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөлімінің қызметкерлері Семей қаласының 44 жастағы тұрғынын ұстады, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Тұрғылықты жері бойынша тінту барысында кіреберіс бөлмеде және моншада ерекше иісі бар өсімдік тектес жасыл түсті заты бар үш полимерлі пакет табылып, тәркіленді. Сонда -ақ полицейлер ер адамның қалтасынан қоңыр түсті қатты заты бар полимер түйіншек тапты, - деп хабарлады ШҚО ПД.
Ер адамның қалтасынан табылған зат салмағы 1,36 грамм гашиш есірткісі болып шықты.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК-ның 296-бабының 2-бөлігі "есірткі, психотроптық заттарымен, олардың аналогтарымен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, - деп толықтырды басқармадағылар.
Ол енді 40 тәулікке дейін қамауға алынуы мүмкін.