Өскемен
малооблачно
+14°
  • Өскемен
    +14°
  • Алматы
    +19°
  • Астана
    +12°
  • Ақтөбе
    +14°
  • Актау
    +18°
  • Орал
    +17°
  • Қарағанды
    +14°
  • Көкшетау
    +10°
  • Қостанай
    +11°
  • Қызылорда
    +28°
  • Павлодар
    +8°
  • Петропавловск
    +10°
  • Тараз
    +19°
  • Туркестан
    +5°
  • Шымкент
    +20°
$
444.14
+0.77
477.05
+2.56
¥
61.34
+0.10
4.85
+0.02
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Семейліктер ядролық полигон туралы жаңа заң қабылдануын сұрайды

Атом бомбасының зардабын бастан өткерген және әлі күнге дейін радиация аумағында тұратын Абыралы өңірінің халқы әлі күнге дейін лайықты қолдауды сезіне алмай отыр

Усть-Каменогорск и ВКО / Семей ядролық полигоны туралы жаңа заң қабылдануын сұрайды

Ел тәуелсіздік алған 1991 жылы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев өз Жарлығымен Семей ядролық сынақ полигонын мәңгілікке жапты. Бұл айтулы оқиға жерімізге сансыз қайғы-қасірет әкелген ядролық жарылыстарды тоқтатып, Тәуелсіз Қазақстан Республикасын бейбіт өмір сүйгіш ел ретінде әлемге танытты. Осыдан бері аттай отыз жылдан астан уақыт өтсе де сол атом бомбасының зардабын бастан өткерген және әлі күнге дейін радиация аумағында тұратын Абыралы өңірінің халқы әлі күнге дейін лайықты қолдауды сезіне алмай отыр.

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2019 жылдың сәуір айында Семейге келген сапарында Полигон зардабын тартқан азаматтарға жасалатын жеңілдік лайықты деңгейде болуы қажет екенін айтып, Үкіметке полигон аумағындағы халыққа берілетін әлеуметтік көмектің мөлшері жөнінде нақты ұсыныстар әзірлеуді тапсырған. Алайда жабулы қазан жабулы күйінде қалып отыр. Нақты әрекет жоқ. Қырық жыл радиацияның уытын жұтқан Семей халқы әлі де лайықты қолдауды сезіне алмай келеді.

2021 жылғы 19 қазанда Семей ядролық сынақ полигонының жабылуына 30 жыл толуына орай Семей қаласында өткен халықаралық конференцияда бірқатар ұсыныстар айтылып, қабылданған еді. Соны қолдау мақсатында жергілікті қоғам белсенділерінің бастамасымен «Полигон 21» Қоғамдық комитеті құрылған. Оның құрамына қоғам қайраткерлері, ғалымдар, бизнес, мәдениет өкілдері және өңірдегі мәселелерді бүге-шүгесіне дейін білетін белсенді азаматтар кірді.

Жуырда «Полигон 21» Қоғамдық комитеті баспасөз конферениясын өткізіп, өңір халқын толғандырып жүрген бірқатар мәселелерді жіпке тізді.

Қазақстан Республикасының Конституциясын басшылыққа ала отырып, жаңадан құрылатын Абай облысында полигонға қатысты кешенді іс-шаралар әзірлеу үшін арнайы Үкіметтік комиссиясын құруды ұсынып отырмыз. Ол комиссияның құрамына жергілікті мемлекеттік органдардың, бизнес, ғылым денсаулық сақтау, мәдениет пен азаматтық қоғам өкілдері, осы өңірдің мәселелерін бүге-шүгесіне дейін білетіндер кіруі тиіс. Сонымен қатар, халықтың өмір сүру сапасын жақсарту, өңірдің тұрақты экономикалық дамуы, ғылым мен денсаулық сақтаудың бәсекеге қабілеттілігін арттыру, толыққанды әлеуметтік қорғау мақсатында Семей ядролық полигоны туралы 1992 жылы қабылданған заңның күшін жойып, жаңа Заң әзірлеу және қабылдауды ұсынып отырмыз, - деді «Полигон 21» қоғамдық комитетінің мүшесі, «Абыралы-Дегелең» қорының Президенті Марат Құрманбай.

Семей ядролық полигонынан зардап шегіп, радиациядан зардап шеккен халықты қолдау тетіктерін жетілдіретін кез келді. Бұл басқару жүйесі жаңғыра бастаған Жаңа Қазақстанда іске асса игі дегенді алға тартады Комитет мүшелері.

Бұл мәселе жөнінде қазірдің өзінде Мемлекет басшысына, Премьер-министрге, Сенат пен Мәжілістің төрағаларына арнайы үндеу жолдаған. Комитет мүшелері алдағы уақытта қоғамдық қолдауды қалыптастыру мақсатында зардап шеккен аймақ тұрғындарынан қол жинауды жоспарлап отыр.

Следующая →
Тақырыптар: Семей Полигон Жаңа заң