Өскемен қаласының тұрғыны әйелді ерекше тәсілмен алдады
Бұл қылмысты жасаған азамат екі жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасына кесілуі мүмкін
Наурыз айының соңында алаяқтықтың құрбаны болған Глубокое ауданының 22 жастағы тұрғыны 102 жедел арнасына жүгінді, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Зардап шегушінің айтуынша, қаланың сауда орталығында белгісіз бір ед адам келіп, қоңырау шалып алу үшін ұялы телефонын бере тұруды өтінген. Бірақ айлакер азамат интернет қосымшасы арқылы бойжеткеннің атынан несие ресімдеп алған, - деп хабарлады ШҚО ПД.
Келтірілген залал шамамен 220 000 теңгеге бағаланды.
Тәртіп сақшылары күдіктіні ұстады, ол 30 жастағы облыс орталығының тұрғыны болып шықты. Ер адам қылмысын мойындады.
Сол күні Семей қаласында полиция алаяқтықтың тағы бір фактісін анықтады. Алайда бұл жағдайда шығын сомасы бір миллион теңгеден асты.
Кезекші бөлімге хабарласқан 26 жастағы жергілікті тұрғын дәмханаға арналған жиһаз сатып алу үшін бейтаныс жігітпен 1 150 000 теңгеге келіскенін айтқан. Алайда айлакер ақшаны алып, жоқ болып кеткен, - деп хабарлады ведомстводан.
Полицейлер күдікті 25 жастағы жергілікті тұрғынды ұстады. Ер адам жауап алу кезінде ұрланған қаражатты жұмсап тастағанын айтып, кінәсін мойындады.
Аталған фактілер бойынша ҚР ҚК 190-бабы 1-бөлігі "Алаяқтық"бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.