Семейлік спортшы семсерлесуден Қазақстан чемпионы атанды
Чемпионат облыс орталығында өтті және оған еліміздің түкпір-түкпірінен келген ерлер мен әйелдер қатысты
Дәстүрлі түрде Шығыс Қазақстанның намысын Семейден келген спортшылар қорғады, олардың жаттықтырушысы Павел Михайлович Гурский, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Бірден екі ер адам жүлделі орындарға ие болды: чемпион атағын Темірлан Қалиев иеленді, қола медальді Ниязбек Сафинов жеңіп алды
Командалық жарыста ШҚО спортшылары күміс медальді жеңіп алды.
Әйелдер арасындағы жарыс та біздің рапиристер үшін сәтті аяқталды: командалық жарыста олар алтын медалдіь, ал жеке есепте Күлжан Түсіпбекова күміс медальді жеңіп алды.