Өскемен
пасмурно
-10°
  • Өскемен
    -10°
  • Алматы
    -2°
  • Астана
    -6°
  • Ақтөбе
    -2°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +3°
  • Қарағанды
    -8°
  • Көкшетау
    -6°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -9°
  • Петропавловск
    -8°
  • Тараз
    +1°
  • Туркестан
    +2°
  • Шымкент
    +5°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

ШҚО дәрігерлері ми ісігін алудың жаңа әдісін меңгерді

Облыстық мамандандырылған медициналық орталықтың нейрохирургтері жоғары технологиялық отаның тағы бір түрін меңгере бастады

Усть-Каменогорск и ВКО / ШҚО дәрігерлері ми ісігін алудың жаңа әдісін меңгерді
Фото:
ШҚО ӘМСҚ баспасөз қызметінен

Бұл туралы ШҚО ӘМСҚ баспасөз қызметі ұсынған ақпаратқа сүйене отырып Устинка LIVE тілшісі хабарлайды.

Бұл - ми ісігін бір де бір тілім жасамай алу әдісі. Отадан кейін пациенттің мұрыны аздап бітелуі мүмкін. Себебі гипофиздегі ісікке жету мұрын арқылы жасалады.

Шығыс Қазақстан облысында мұндай ота алғаш рет өткізіліп отыр. Бұл нейрохирургиядағы ең қиын оталардың бірі болып саналады. Шығысқазақстандық хирургтарға осындай отаны жасау дағдыларын көрсету үшін «Нұр-Сұлтан қаласының Ұлттық нейрохирургия орталығының» трансназальды эндоскопиялық нейрохирургия бөлімінің нейрохирургі, медицина ғылымдарының кандидаты Данияр Телтаев арнайы келген. 2 күндік шеберлік сағаты аясында оның жетекшілігімен мұрын арқылы гипофиз аденомасын алу бойынша бірқатар ота жасалды, - деп хабарлады ШҚО ӘМСҚ.

imgonline-com-ua-Resize-8B1MShDwk2.jpg

От жасалған төрт науқас – облыс тұрғындары. Бір-екі жыл бойы олар көру қабілетінің нашарлауына шағымданған. Офтальмологтардың амбулаториялық тексерісінен кейін ісік болуы мүмкін деген күдік туған. Кейін ол күдік МРТ зерттеулері нәтижесінде расталды.

Шақырылған маманның айтуынша, бұл науқастар біраз уақыттан кейін мүлдем көру қабілетінен айырылуы мүмкін еді. Бұл ретте азинвазивті ота пациенттің тез қалпына келуіне мол мүмкіндік береді. Нейрохирург тек эндоскоп пен навигациялық қондырғы пайдаланады. Ал аденомаға жету, оны тотальді турде алып тастау барысын монитор арқылы көріп тұрады.

Біз бас сүйегінің ішінде орналасқан ісікке мұрын қуысының жолы арқылы жетіп, аздаған трепанация жасаймыз. Бұл өте күрделі әрі үлкен шеберлікті қажет ететін жұмыс. Ота нәтижесінде паиенттің көру қабілеті қалпына келеді, - деп бөлісті профессор Телтаев.

Айта кету керек, астаналық маман еліміздегі ең мықты әрі бірегейі дәрігерлердің бірі. Осы бағыттағы оталардың екі мыңнан астам түрін жасаған.


ШҚО Мамандандырылған медициналық орталықтың "Инновациялық медицина" бөлімінің меңгерушісі Жандос Уаптың айтуынша, ем алған пациенттер 5-6 күнде үйлеріне шығаралады және үй жағдайындада дәрігер айтқан реабилитация талаптарды толық орындаулары қажет.


Атап өткен жөн, бұл оталар МӘМС аясында жасалды.

Следующая →