Өскемен
малооблачно
-13°
  • Өскемен
    -13°
  • Алматы
    +2°
  • Астана
    -6°
  • Ақтөбе
    -2°
  • Актау
    +8°
  • Орал
    +1°
  • Қарағанды
    -3°
  • Көкшетау
    -9°
  • Қостанай
    -7°
  • Қызылорда
    +2°
  • Павлодар
    -11°
  • Петропавловск
    -9°
  • Тараз
    -3°
  • Туркестан
    +1°
  • Шымкент
    +3°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

ШҚО-да AMANAT партиясының мобильдік қоғамдық қабылдау топтары ауыл тұрғындарын қабылдады

Ауыл-аймақтағы ағайынның мұң-мұқтажын тыңдауға бағытталған мобильді қоғамдық қабылдау жобасы 14 наурызда басталған болатын. Бүгін Шығыс Қазақстан облысына AMANAT партиясының Республикалық мобильді қоғамдық қабылдауының өкілдері арнайы келіп, Алтай және Катонқарағай аудандарының тұрғындарымен кездесті

Усть-Каменогорск и ВКО / ШҚО-да AMANAT партиясының мобильдік қоғамдық қабылдау топтары ауыл тұрғындарын қабылдады
Фото:
Amanat партиясы ШҚОФ баспасөз қызметінен

Оған облыстық партия филиалының басшылығы, облыстық мәслихат депутатары мен бір қатар облыстық басқармалардың басшылары қатысты.

Әуелі олар Алтай ауданына қарасты Полянское ауылына одан кейін Катонқарағай ауданындағы Малонарымка ауылына барды. Екі ауылдық округтерден басқа да көршілес Тұрғысын, Алтынбел ауылдарынан да азаматтар келіп қатысты. Екі ауылдық округтегі қабылдауларға жалпы саны 30-ден астам азамат өздерін алаңдатқан мәселелеріне жауап іздеп келді. Мұнан бөлек осы күні Жарма ауданының Жаңғызтөбе, Белтерек, Бесқарағай ауданының Қарағайлы ауылдарында да осындай қабылдаулар жүргізілді.

 
Қабылдауларда тұрғындардың басым бөлігі ауыз су мен ауыл ішіндегі жол құрылысы, көшелерді жарықтандыру, ұялы байланыс пен интернет сапасының нашарлауы, тұрғын үй-коммуналдық, жұмыссыздық және әлеуметтік мәселелерді көтерді. Мәселен Алтай ауданы Полянское ауылдық округінің тұрғыны А.Д Шишкунов ауылдағы байланыс сапасын жақсарту мәселесі бойынша интернет жылдамдығы өте төмен екендігін жеткізді.

Ұялы байланыс интернет мәселесі бүгінгі қоғамдық өмірдің офлайннан онлайнға ауысқан тұсында білінуде. Әлемді жайлаған коранавирус кезінде өте қатты сезілді. Балаларымыз онлайн сабақ оқығанда қиындықтар туындады. Осы мәселенің шешілуіне ықпал етсеңіздер екен. Мәселе шешіледі деп сенім артамыз, - деді өтініш иесі.

imgonline-com-ua-Resize-o2YBaFnkbDwdTo.jpg

Партияның Республикалық мобильді қоғамдық қабылдау өкілдері бұған дейін еліміздің бірнеше облыстарында болып,халықтың арыз-шағымына құлақ асты. Ал,Шығыс Қазақстан облыстық филиалы мобильді қабылдауларын Шемонаиха, Глубокое, және Ұлан, аудандарында өткізді. 6 ауылдық округ қамтылған қабылдауларға жалпы 150-ден астам азамат келіп, өз өтініштерін білдірді.

Осыған дейін Республикалық қоғамдық қабылдау бөлмесі 179-ға жуық қабылдауларды өткізіп, оған 2200-ден астам азаматтар келді. 1 айға жетпей өтініштердің 21%-ы оң шешімін тапты. Бүгін Шығыс Қазақстан облысының Алтай ауданы Полянское ауылына Қатонқарағай ауданы Малонарымка ауылына келіп мобильді қоғамдық қабылдау өткіздік. Шығыс Қазақстан облысының басқарма басшылары, партияның депутаттық фракция мүшелері қатысып, азаматтарды қабылдады. Полянское ауылын сараптайтын болсақ, көп көтерілген мәселе ауыз су және жол жөндеу жайлы болды. Атап айтқанда Алтай-Рахмен қайнары автомобиль жолын жөндеу, ауыл ішіндегі Киров көшесінің жолын ретке келтіру, ауыз суға арналған резерв құрылғысы, сумен жабдықтау жүйесіне арналған сорғыны жөндеу. Тұрғындар тарапынан түскен сұрақтар жинақталып, Республикалық қоғамдық қабылдау бөлмесі арқылы Министрлікке хат жол данады. Әр мәселеге тиянақты жауап беруін қадағалаймыз, - дейді Республикалық қоғамдық қабылдау бөлімінің кеңесшісі Аралбай Ардан Сұлтанұлы.

Партияның Шығыс Қазақстан облыстық филиалының атқарушы хатшысының м.а. Айгул Байжанованың айтуынша өңірлік филиалдың қабылдау бөлмелеріне 2021 жылы 11 000-нан астам өтініш келіп түскен. Қарау нәтижелері бойынша 41%-ы оң шешілген. Ал, биылғы жылдың 3 айында 3000-ға жуық шағым қабылданып, оның 38%-ы оңтайлы шешімін тапқан.

Жалпы AMANAT партиясының қоғамдық қабылдау бөлмелері арқылы түйткілді мәселелеріне шеім іздеп, көмек сұрап келетін азаматтардың саны өте көп. Партияның қоғамдық қабылдау бөлмелері тұрғындар үшін өздерін толғандырған сұрақтарына жауап табатын бірден-бір тиімді алаңға айналып отыр.


Следующая →