Өскемен
малооблачно
-13°
  • Өскемен
    -13°
  • Алматы
    +2°
  • Астана
    -6°
  • Ақтөбе
    -2°
  • Актау
    +8°
  • Орал
    +1°
  • Қарағанды
    -3°
  • Көкшетау
    -9°
  • Қостанай
    -7°
  • Қызылорда
    +2°
  • Павлодар
    -11°
  • Петропавловск
    -9°
  • Тараз
    -3°
  • Туркестан
    +1°
  • Шымкент
    +3°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

ШҚО-да жолдарды жөндеуге 11 миллиард теңгеден астам қаражат бөлінеді

Бұл ақпаратпен ШҚО Жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары басқармасы басшысының міндетін атқарушы Нұрбек Тұраров бөлісті

Усть-Каменогорск и ВКО / Свыше 11 миллиардов тенге выделят на ремонт дорог в ВКО
Фото:
Устинка LIVE

Шығыс Қазақстан облысында биыл 122 жол жөндеу жобасын іске асыру жоспарланған, оның 114-і аяқталады, ал қалғандары өтпелі болады, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

Семейде автожол көпірін реконструкциялау басталады, жобаның құны 30 миллиард теңгеден асады. Құрылысты бастауға республикалық бюджеттен 1 миллиард теңге бөлінді. Облыс орталығында трамвай жолдарын жаңғырту, сондай-ақ Белинский, Карбышев және Базовая көшелерін қайта жаңарту жоспарлануда, - деп атап өтті Нұрбек Тұраров.

Сондай-ақ, Белоусовка кентіндегі Суворов көшесінің тұсында және Өскемен-Риддер жолы бойындағы екі көпірдің құрылысы басталды. Сонымен қатар, өткен жылдан бастап Риддерде Филипповка және Үлбі өзені арқылы өтетін көпірлердің құрылысы жүргізілуде. Жобаны аяқтауға биыл 37,5 миллион теңге бөлінді.

Ал шекара маңындағы аудандарда жолдар мен көшелерді орташа жөндеу бойынша 37 жоба іске асырылуда, оның ішінде Катонқарағай ауданында - 7 жоба, Күршім ауданында - 2, Тарбағатай ауданында - 9, Үржар ауданында - 8, Бородулиха ауданында - 5, Шемонаихада - 6.

Следующая →