ШҚО-дағы коммуналдық кәсіпорын сынған "ЗИЛ"-ді бір жарым млн теңгеге сатады
Облыс орталығындағы трамвай тасымалы үшін жауапты компания өз балансындағы қажетсіз қоқыстардан арылмақ

1975 жылы шығарылған "ЗИЛ 130" жүк автомобилі e-auction.gosreestr.kz сайтында саудаға шығарылған(электрондық сауда алаңы), - деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі. Металл "Өскемен Көлік Компаниясы" ЖШС теңгерімінде.
Голландиялық "бағаны төмендету" әдісі бойынша аукцион 29 сәуірде өтеді. Бастапқы бағасы - 1 470 000 теңге, ал ең төменгі бағасы - 4 900 теңге. Сонымен қатар, сауда-саттыққа қатысу үшін 73 500 теңге енгізу қажет, ал "Зил-ді" бағалау құны (лотқа қоса берілген есепке сәйкес) 490 мың теңгені құрайды.
Техникалық қорытынды актісінде: "Объект пайдалануға жарамсыз.80%-ға тозған. Шанақты, резинаны ауыстыру, қозғалтқышты, электр сымдарын күрделі жөндеу немесе ауыстыру керек. Нысанды қалпына келтіру іс жүзінде мүмкін емес деп санаймыз, өйткені ол өте ескірген және қалпына келтіру құны оның амортизациялық құнынан асып түседі. Есептен шығару ұсынылады".