Өскемен
ясно
+2°
  • Өскемен
    +2°
  • Алматы
    +17°
  • Астана
    +8°
  • Ақтөбе
    +19°
  • Актау
    +19°
  • Орал
    +22°
  • Қарағанды
    +6°
  • Көкшетау
    +8°
  • Қостанай
    +6°
  • Қызылорда
    +21°
  • Павлодар
    +6°
  • Петропавловск
    +8°
  • Тараз
    +18°
  • Туркестан
    +16°
  • Шымкент
    +19°
$
444.22
+0.37
476.38
+2.08
¥
61.31
+0.06
4.82
+0.02
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

ШҚО-ның оқушылары өңірдегі ақпараттық орталықтардың жұмысымен танысатын болады

Облыс әкімі Даниал Ахметовтің тапсырмасы бойынша балалар жылы аясында 7, 8, 9-шы сынып оқушыларына  облыстағы кәсіпорындардың ақпараттық орталықтарына экскурсияға баратын болады

Усть-Каменогорск и ВКО / ШҚО-ның оқушылары өңірдегі ақпараттық орталықтардың жұмысымен танысатын болады
Фото:
редакция мұрағатынан

Басты мақсат оқушылардың цифрлық технологиялар саласындағы білімдерін кеңейту, өндірістік процестің ғылыми негіздерімен таныстыру, Smart city бастамалары туралы кеңірек ақпарат алып,  цифрлық технологияларға деген қызығушылығын арттыру. 

Оқушылар жас техниктер станциясында MATATALAB, CODRONE ZUMI сынды робототехникалық жиынтықтарымен, "3D модельдеу", "Бағдарламалау", "Робототехника" үйірмелерінің жұмысымен және STEAM зертханасының, сондай-ақ Arduino платформасының функционалымен танысып,  қыр-сырына қанық болмақ. Сондай-ақ, Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінде оқушылар материалдық базасын тамашалап, "прототиптеу және материалдарды өңдеу" орталығында соңғы үлгідегі 3D сканер мен 3D принтер жұмысымен таныспақ.

 Сонымен қатар, бірегей "Алтын Алтай" мұражайын көруге мүмкіндері бар. Әрмен қарай оқушылардың сапары  "Біріккен Энерго Сервистік Компания" АҚ-да жалғаспақ. Онда электр энергиясын ақылды есептеуіштерімен жабдықтау бойынша кәсіпорынның жұмысымен танысатын болады. Одан бөлек Өскемен қаласының жолаушылар тасымалын басқару орталығында 2020-шы жылдың желтоқсан айында іске қосылған "OSKEMENCARD" электронды билеттеу жүйесінің жұмысы көрсетілмек. Ал ведомствоаралық бірыңғай ситуациялық орталыққа барған кезде оқушылар 112 бірыңғай кезекші-диспетчерлік қызметтің және 109 ақпараттық-анықтамалық қызметтің және қоғамдық құқықтық тәртіп қызметінің одан бөлек процессингтік орталықтың жұмысымен танысады. Инвестициялық орталық пен   "Jastar Time" инновациялық орталығына баруда жоспарлануда.

Экскурсиялар топтамасы ағымдағы жылдың 19 сәуірінен бастап, әр сейсенбі және бейсенбі күндері күніне екі рет сағат 10.00 және 15.00-де, 15 адамнан тұратын топтармен жүргізілмек.

Следующая →
Тақырыптар: ШҚО Оқушы Экскурсия