Өскемен
малооблачно
-13°
  • Өскемен
    -13°
  • Алматы
    +2°
  • Астана
    -6°
  • Ақтөбе
    -2°
  • Актау
    +8°
  • Орал
    +1°
  • Қарағанды
    -3°
  • Көкшетау
    -9°
  • Қостанай
    -7°
  • Қызылорда
    +2°
  • Павлодар
    -11°
  • Петропавловск
    -9°
  • Тараз
    -3°
  • Туркестан
    +1°
  • Шымкент
    +3°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

"Білім негізі - бастауышта" атты облыстық форум өтті

Шығыс Қазақстан облысы Білім басқармасы Қазақстан Республикасы бастауыш сынып мұғалімдерінің республикалық съезінде қаралған мәселелерді жүзеге асыру аясында "Білім негізі - бастауышта" тақырыбында облыстық форум ұйымдастырды

Усть-Каменогорск и ВКО / "Білім негізі - бастауышта" атты облыстық форум өтті
Фото:
ШҚО Білім басқармасынан

Форумның мақсаты: республикалық бастауыш сынып мұғалімдерінің съезіндегі жаңалықтармен бөлісу, практик мұғалімдермен талқылау, кәсіби біліктілігі жоғары мұғалімдердің іс-тәжірбиесін тарату және педагог әлеуетін арттыру.

Форум аясында "Болашаққа қосар үлесіңді өлше" көрмесі ұйымдастырылды, онда "Үздік педагог" атағы иегерлерінің жұмыстары, "Бала-зерттеуші", "Оқырман мектеп" жобалары, облыстың бастауыш сынып педагогтерінің үздік авторлық бағдарламалары ұсынылды.

Форумның пленарлық отырысы барысында Шығыс Қазақстан облысы Білім басқармасының басшысы Сайрангүл Жұмаділова бастауыш сынып мұғалімдерінің бала тұлғасын қалыптастырудағы маңызды рөлін атап өтіп, облыстағы бастауыш білім беру жүйесінің: бастауыш және орта мектеп арасындағы сабақтастық, бастауыш сынып мұғалімдерінің сапалық құрамы, оқушылардың олимпиадалар мен конкурстарда нәтижелілігі, мұғалімдердің цифрлық сауаттылығы мәселелері жайында ой қозғады.

Ы. Алтынсарин атындағы ұлттық білім академиясының өкілі мектепалды және бастауыш білім беру зертханасының меңгерушісі, доцент, педагогика ғылымдарының кандидаты Б.К. Игенбаева бастауыш білім берудің даму болашағын баяндап берді. Сондай-ақ, қазіргі мұғалімнің маңызды дағдылары туралы педагогикалық шеберлік орталығының аға менеджері Е.А. Марченко ой бөлісті.

Форум спикерлері, "Үздік педагог" атағының иегерлері - Н.К. Муканова және Н.В. Мельникова оқушылардың функционалдық сауаттылығы мен дағдыларын дамыту бойынша баяндамаларын ұсынды. Инклюзивті білім беру мәселелері туралы А.Р. Қуатова мәлімдеді. Форумның екінші бөлімінде - "Бастауыш білім берудің әдістемелік жүйесі", "Оқу-тәрбие үдірісін ұйымдастыру", "Бастауыш сынып мұғалімдерінің кәсіби және тұлғалық өсуі", "Бастауыш білім беру мазмұнын жетілдіру" панельдік алаңдарда бастауыш сынып мұғалімдерінің I республикалық съезінің делегаттарымен съезде қозғалған мәселелерді талқылады, ал облыс мектептерінің практик-педагогтері инновациялық педагогикалық тәжірибелерімен бөлісті.

Форум соңында бастауыш сынып мұғалімдері болашақта болатын өзгерістерге өз ұсыныстарын білдірді.

Шараға облыстың 150 бастауыш мұғалімдері қатысты.



Следующая →