Өскемен
малооблачно
-13°
  • Өскемен
    -13°
  • Алматы
    +2°
  • Астана
    -6°
  • Ақтөбе
    -2°
  • Актау
    +8°
  • Орал
    +1°
  • Қарағанды
    -3°
  • Көкшетау
    -9°
  • Қостанай
    -7°
  • Қызылорда
    +2°
  • Павлодар
    -11°
  • Петропавловск
    -9°
  • Тараз
    -3°
  • Туркестан
    +1°
  • Шымкент
    +3°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

ШҚО бас дәрігеріне WhatsApp арқылы жүгінуге болады

ШҚО-да бас дәрігерлер бұдан былай WhatsApp желісінде тұрғындар сауалдарына жауап береді

Усть-Каменогорск и ВКО / ШҚО бас дәрігеріне  WhatsApp арқылы жүгінуге болады

Ашық, жариялы, қолжетімді жұмысты күнделікті қолдануды ШҚО Денсаулық сақтау басқармасыбасшысы Гульмира Сағидуллина өз әріптестеріне денсаулық сақтау саласы жұмысының 2021 жылдың қорытындысы бойынша өткен Алқалы жиында айтып өтті. Ол өз сөзінде бас дәрігерлерді өңір жұртшылығымен диалог құруда тиімді құралдарды пайдалануға шақырды.

Пациенттер өз сауалдарын бас дәрігерге тікелей жолдауға мүмкіндік болуы тиіс. Қазіргі уақытта тез, жедел түрде қажетті ақпаратты алуға көптеген қолжетімді және қарапайым құралдар бар. Мәселен, осы ретте WhatsApp-ты пайдаланыңыздар, жылдам, шынайы ақпарат алу медициналық қызметті пайдаланушы үшін аса маңызды екендігін естен шығармаңыздар, - деп бөлісті басқарма басшысы.

Айта кету керек, осы күндері облыстың ондаған медициналық ұйымдарының бас дәрігерлері WhatsApp нөмірі арқылы «Қолжетімді бас дәрігер» функциясын іске қосып үлгерді. Аталмыш функция бойынша толығырақ ақпарат және постерлер әр медициналық ұйымның ресми сайттарында және бас дәрігерлердің әлеуметтік желідегі жеке парақшаларында жүктелген.

Сонымен қатар жиын барысында медицина қызметкерлерінің жұмысында тағы бір маңызды жайт туралы сөз болды.

Өз қызметкерлеріңіздің коммуникативті білімдерін жетілдіру бағытында оқыту жұмыстарын қолға алуларыңыз өте маңызды. Бұл шаралардың барлығы түптеп келгенде біздің тұрғындармен, пациенттеріңізбен сапалы екі жақты қарым-қатынас орнатуға жағымды әсері болатыны сөзсіз, - деп нықтады Гульмира Сағидуллина.

Следующая →