ШҚО-да қуат көзіне қосылған телефон салдарынан өрт шықты
ШҚО ТЖД хабарлағандай, №7 өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері қауіпсіздік мақсатында алты адамды эвакуациялады
18 сәуір күні Чернов көшесіндегі үйде өрт шықты.
Өрт сөндірушілер жеткен уақытта екінші қабаттағы ағаш жиһаз, терезе және есік жақтаулары, жеке заттар жанып жатқан.
Құтқарушылар 45 шаршы аумаққа жайылған өртті ауыздықтады.
Өрттің себебі — электр құрылғысының апаттық режімде жұмыс істеуі. Үй иесінің айтуынша, үйден шыққанда ұялы телефонды тоқ көзіне қосып кеткен. Қайтып оралғанда өрт шыққанын көрген, - деді ШҚО ТЖД мамандары.
Өрт шыққан жағдайда дереу 112 нөміріне хабарласу қажет.