Өскемен
ясно
+16°
  • Өскемен
    +16°
  • Алматы
    +19°
  • Астана
    +16°
  • Ақтөбе
    +23°
  • Актау
    +19°
  • Орал
    +25°
  • Қарағанды
    +17°
  • Көкшетау
    +15°
  • Қостанай
    +20°
  • Қызылорда
    +26°
  • Павлодар
    +12°
  • Петропавловск
    +15°
  • Тараз
    +19°
  • Туркестан
    +20°
  • Шымкент
    +21°
$
445.66
-0.83
474.58
-0.80
¥
61.53
-0.13
4.78
-0.01
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

"Skills for geeks"–2022 облыстық ІТ-чемпионатының жеңімпаздары анықталды

2022 жылғы 14 сәуірде Шығыс Қазақстан өңірлік білімдегі жаңа технологиялар орталығы «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында Шығыс Қазақстанда жыл сайын ұйымдастырылатын 10+ және 14 + жас санаттары бойынша «Бағдарламалау», «3D модельдеу» және «Робототехника» біліктіліктері бойынша 5-11 сынып оқушылары арасында «Skills for geeks» жыл сайынғы чемпионатын өткізді

Усть-Каменогорск и ВКО / "Skills for geeks"–2022 облыстық  ІТ-чемпионатының жеңімпаздары анықталды
Фото:
ШҚО Білім басқармасынан

Ауқымды іс-шара «Amanat» партиясының «Балаларға арналған тегін IT-сыныптар» жобасының аясында өтті, оның шеңберінде облыстың 644 мектебінің әрқайсысында IT-сыныптар ашылды, робототехника кабинеттері, жаңа модификация кабинеттері, интерактивті панельдер сатып алынды, компьютерлік техника жаңартылды. Мұғалімдер облыстың алдыңғы қатарлы педагогтері әзірлеген халықаралық стандартқа сәйкес оқу бағдарламасы бойынша оқытудан өтті. Жүргізілген жұмыстың нәтижесінде оқушылардың инженерлік және IT мамандықтарға қызығушылығы артты.

Биыл бесінші жыл Чемпионат балалардың шығармашылық, зияткерлік қабілеттерін дамыту үшін жағдай жасау, қабілетті және дарынды оқушыларды анықтау, нақты кәсіби жағдайларда міндеттерді практикалық шешу дағдыларын игеру мақсатында өткізіліп келеді.

Чемпионаттың облыстық кезеңінің қатысушыларын анықтау үшін 19 ақпан мен 4 наурыз аралығында облыстың барлық 19 ауданы мен қалаларында, сондай-ақ облыстық мамандандырылған мектептер арасында іріктеу турлары өткізілді. Жалпы іріктеу кезеңіне 437 командадан 2 656 оқушы қатысты, - деп мәлімдеді ШҚО Білім басқармасының баспасөз қызметі. - Аудандық кезеңдердің жеңімпаздары 311 ІТ-сынып оқушысы облыстың қалалары мен аудандарының 28 командасы үш өлшемді нысандарды модельдеу, бағдарламалау және спорттық робототехника бағыттарында жарысты.

Қатысушыларды білім беру, ғылыми және қоғамдық ұйымдар, қала кәсіпорындарының өкілдері болып табылатын ғылыми дәрежесі бар кәсіби тәуелсіз сарапшылар бағалаған.

ШҚО Білім басқармасы мәлімдегендей, жарыс қорытындысы бойынша «3D-модельдеу» номинациясынан 10+ санаты бойынша бірінші орынды Семей қаласының командасы, ал 14+ санаты бойынша Глубокое ауданының командасы иеленді. Ал «Бағдарламалау» номинациясынан 10+ санаты бойынша Өскемен қаласының балалары бірінші орын алды, ал 14+ санаты бойынша «Дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп-лицей-интернаты» командасы ең мықты атанды. «Спорттық робототехника» номинациясы бойынша 10+ жас санатында «Сызық бойымен жарыс» біліктілігі бойынша Өскемен қаласының командасы алға шықты. Осы номинацияда «Кегельринг» біліктілігі бойынша бірінші орынды Өскемен қаласының командасы алды. «Спорттық робототехника» номинациясынан «Кегельринг квадро» біліктілігі бойынша 14+ жас санатында Көкпекті ауданының командалары жеңімпаз атанды. Ал «Танк биатлоны» біліктілігінен Жарма ауданының командасы үздік болды.


10+ жас санатындағы жалпы командалық есепте алынған орындар мынадай:
3-орын - Үржар ауданының құрама командасы
2-орын - Бородулиха ауданының құрама командасы
1-орын - Семей қаласының құрама командасы.


14+ жас санатындағы жалпы командалық есепте алынған орындар:
3-орын - Семей қаласыныңң құрама командасы алды
2-орын - Жарма ауданының құрама командасы
1-орын - Риддер қаласының құрама командасы ие болды.

Балалар осы жылдың мамыр айында өтетін 9-шы жыл сайынғы «New generation» облыстық IT-фестивалінде бағалы сыйлықтармен, кубоктармен, медальдармен және грамоталармен марапатталады. Барлық балалар сертификат алады.

Следующая →