Өскемен
малооблачно
+4°
  • Өскемен
    +4°
  • Алматы
    +18°
  • Астана
    +5°
  • Ақтөбе
    +7°
  • Актау
    +8°
  • Орал
    +6°
  • Қарағанды
    +7°
  • Көкшетау
    +5°
  • Қостанай
    +4°
  • Қызылорда
    +16°
  • Павлодар
    +3°
  • Петропавловск
    +1°
  • Тараз
    +18°
  • Туркестан
    +3°
  • Шымкент
    +18°
$
450.07
-1.20
488.51
-0.62
¥
62.35
-0.34
4.86
-0.01
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Рамазан айын ұлықтайтын жыр мүшәйрасы өтеді

Рамазан айының басталуына орай Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешіті және Қазақстан Жазушылар Одағының ШҚО филиалы бірлесіп аймақтық ақындар мүшәйрасын жариялайды

Усть-Каменогорск и ВКО / Рамазан айын ұлықтайтын жыр мүшәйрасы өтеді

Мүшәйраға облыс ақындары қатыса алады. Қатысушылардың жасына шектеу қойылмайды.

Байқаудың мақсаты - қасиетті Рамазан айын ұлықтау; асыл дініміз Исламның құндылықтарын насихаттау, Пайғамдарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) асыл мұратын, ғибратты ғұмырын жастарға үлгі ету.

Байқаудың шарты бойынша Рамазан айына, Ислам дініне, Пайғамбарымызға (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) арналған 1 өлең (жаңа), еркін тақырыпқа 1 өлең (бұрын жазылған болса да), жалпы 2 өлең ұсынылады.

Өлеңдер «Мүшәйраға» деген белгімен «Times New Roman 14» қарпімен 1,5 интервалда терілген, 2 беттен аспауы шарт, - дейді ұйымдастырушылар. - Белгіленген талаптарға сай келмейтін шығармалар қабылданбайды. Өлеңдер 2022 жылдың 24 сәуіріне дейін oskemen-2013@mail.ru поштасында қабылданады. Өлеңдерді қазылар алқасы бағалайды.

Мүшәйра қорытындыланып, жүлдегерлер ақшалай сыйлықтармен марапатталады. Марапаттау шарасы «Bokentau» компаниясының басшылығының қатысуымен салтанатты жағдайда Қадір түнінде Өскемен қаласында өтеді.

Ақындардың аты-жөні, байланыс телефоны, жұмыс орны немесе оқу орны көрсетілуі керек. Байланыс телефоны: +7 (708) 900 5384.

Следующая →